Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2012 года № 3-3/373 «Об утверждении Правил ведения информационной базы селекционной и племенной работы»

Бұйрық · № 132 · қабылданған 17.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2012-no-3-3373-ekb-141984/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2012 года № 3-3/373 «Об утверждении Правил ведения информационной базы селекционной и племенной работы» Қолданыста Бұйрық ·№ 132 ·17.04.2020
17.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2012 года № 3-3/373 «Об утверждении Правил ведения информационной базы селекционной и племенной работы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 132 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2012 года № 3-3/373 «Об утверждении Правил ведения информационной базы селекционной и племенной работы»
Атауы (қаз.)
«Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
132
Қабылданған күні
17.04.2020
Көрсетілген редакция
17.04.2020 141984_456698.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020440
ЭКБ идентификаторы
141984
Редакция идентификаторы
141984_456698
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:54

0 «Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7864 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1998 жылғы 9 шілдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу процестерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық-техникалық кешен;
3) оператор – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына айрықша құқығын растайтын құжаты немесе «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жасалған ерекше құқықтар беру туралы авторлық шарты бар және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасын сүйемелдеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу ұйымы;
4) өтініш беруші – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркеуге өтініш (бұдан әрі – тіркеуге арналған өтініш) беруші заңды немесе жеке тұлға;
5) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасы (бұдан әрі – АТЖ) – табынды жетілдіру және жануарлардың генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, оператор жүргізетін асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды жануарлар туралы және селекциялық процеске тартылған жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібі»;
қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыстың ақпарат
қорын жүргізу қағидаларына
қосымша».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы