Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2012 года № 3-3/373 «Об утверждении Правил ведения информационной базы селекционной и племенной работы»

Бұйрық · № 396 · қабылданған 02.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2012-no-3-3373/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2012 года № 3-3/373 «Об утверждении Правил ведения информационной базы селекционной и племенной работы» Қолданыста Бұйрық ·№ 396 ·02.12.2022
02.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2012 года № 3-3/373 «Об утверждении Правил ведения информационной базы селекционной и племенной работы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 396 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2012 года № 3-3/373 «Об утверждении Правил ведения информационной базы селекционной и племенной работы»
Атауы (қаз.)
«Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
396
Қабылданған күні
02.12.2022
Көрсетілген редакция
02.12.2022 174904_606090.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030950
ЭКБ идентификаторы
174904
Редакция идентификаторы
174904_606090
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:25

0 «Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7864 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) оператор – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына айрықша құқықты растайтын құжаты немесе «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жасалған ерекше құқықтар беру туралы авторлық шарты бар және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорын сүйемелдеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы бейініндегі ұйым;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры (бұдан әрі – АТЖ) – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2022 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы