О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 20 декабря 2012 года № 438 "Об утверждении Правил выплаты доплат за условия труда гражданским служащим физической культуры и спорта"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 20 декабря 2012 года № 438 "Об утверждении Правил выплаты доплат за условия труда гражданским служащим физической культуры и спорта"
- Атауы (қаз.)
- "Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 438 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 476
- Қабылданған күні
- 20.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2016 AI77133_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300009071
- ЭКБ идентификаторы
- 77133
- Редакция идентификаторы
- AI77133_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:29
0 "Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 438 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН.
1. «Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 438 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 8274 тіркелді, 2013 жылғы 17 шілдедегі № 234 (27508) «Казахстанская правда», 2013 жылғы 17 шілдедегі № 172 (28111) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу қағидаларында :
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қосымша ақыны төлеу алынған нәтижелердің пайызға шаққандағы жалпы мөлшерінің мынадай пайызында жүргізіледі:
«басшыға – 80% бастап 100%-ға дейін;
басшының орынбасарына – 70% бастап 90%-ға дейін;
команда менеджері, аға жаттықтырушы, аға әдіскер, әдіскер, нұсқаушыға – 80% бастап 100%-ға дейін;
басшы (бөлімше, бөлім басшысы), психолог, тәрбиеші, хореограф, аккомпаниатор, дәрігер, массаж жасаушы, лаборант, ғылыми қызметкер, бухгалтерге – 50% бастап 80%-ға дейін;
зоотехник, мал дәрігері, ат бағушы, әбзелші, атшы, инженер, техник, механик, мылтықшы, қайраушы, майлаушы, спорттық команданы тасымалдаушы автобус, микроавтобус жүргізушісіне – 50% бастап 70%-ға дейін;
спорт ғимаратының меңгерушісі, лаборант, медбике, операторға – 30% бастап 50%-ға дейін».