Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 20 декабря 2012 года № 5С-12/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Бурабайскому району"

Ереже · № 5С-29/1 · қабылданған 15.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2012-no-5-124-ekb-80147/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 20 декабря 2012 года № 5С-12/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Бурабайскому району" Күшін жойған Ереже ·№ 5С-29/1 ·15.04.2014
03.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 20 декабря 2012 года № 5С-12/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Бурабайскому району"

Күшін жойған Ереже ·№ 5С-29/1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 20 декабря 2012 года № 5С-12/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Бурабайскому району"
Атауы (қаз.)
Бурабай аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/4 "Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-29/1
Қабылданған күні
15.04.2014
Көрсетілген редакция
03.03.2015 AI80147_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BS004188
ЭКБ идентификаторы
80147
Редакция идентификаторы
AI80147_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:04

0 Бурабай аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/4 "Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй көмегін тағайындау» стандартына сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Бурабай аудандық мәслихаттың «Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3627 тіркелген, 2013 жылғы 7 ақпанда «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасындағы:
1 тараудың 1 тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;
1 тараудың 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«3. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
1 тараудың 7 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. Бурабай ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
2 тараудың 11 тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;»;
2 тараудың 11 тармағының 9) тармақшасы алынып тасталсын;
2 тараудың 14 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн төлемдер, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысы отбасының осы мақсаттарға белгіленген 10 % шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі Н.Нұркенов

Қолданыстағы