О внесении изменений в постановление акимата от 20 февраля 2012 года № 73 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы, и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 20 февраля 2012 года № 73 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы, и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
- Атауы (қаз.)
- "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 73 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 376
- Қабылданған күні
- 21.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2013 AI69300_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VO002780
- ЭКБ идентификаторы
- 69300
- Редакция идентификаторы
- AI69300_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:50
0 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернаттық
ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 73 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-2), 14-3) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5-15-99 тіркелген, «Жұлдыз» газетінде 2012 жылғы 22 наурыздағы № 23, «Новая жизнь» газетінде 2012 жылғы 22 наурыздағы № 23 сандарында жарияланған) аудан әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 73 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;
1-тармақ төмендегі редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.».