О внесении изменения в решение Зеленовского районного маслихата от 20 декабря 2012 года № 8-3 "О внесении изменений и дополнений в решение Зеленовского районного маслихата от 31 марта 2010 № 21-4 "Об утверждении правил о размере и порядке оказания жилищной помощи гражданам в Зеленовском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Зеленовского районного маслихата от 20 декабря 2012 года № 8-3 "О внесении изменений и дополнений в решение Зеленовского районного маслихата от 31 марта 2010 № 21-4 "Об утверждении правил о размере и порядке оказания жилищной помощи гражданам в Зеленовском районе"
- Атауы (қаз.)
- Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8-3 "Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 21-4 "Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19-3
- Қабылданған күні
- 18.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2014 75706_194487.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13ZG003371
- ЭКБ идентификаторы
- 75706
- Редакция идентификаторы
- 75706_194487
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:52
0
Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8-3 "Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 21-4 "Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және 2013 жылғы 31 шілдедегі № 2а-960 Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қаулысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8-3 "Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 21-4 "Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3159 тіркелген, 2013 жылғы 8 ақпандағы "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы шешімнің 1 тармағының 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын сегізінші, оныншы, он бірінші абзацтарын және осы шешімнің 1 тармағының тоғызыншы, он екінші және он үшінші абзацтарының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".