О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 марта 2013 года № 10/76 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 марта 2013 года № 10/76 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)»
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11/96
- Қабылданған күні
- 15.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2024 112587_696296.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MF003368
- ЭКБ идентификаторы
- 112587
- Редакция идентификаторы
- 112587_696296
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:06
0 Түпқараған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76
«Аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
Қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 10 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 76 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 10-15-1531 ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2241 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 сәуірдегі «Ақкетік арайы» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
7 тармақта:
1) және 3) тармақшалар келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;».
2
2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Беришбаева
15 мамыр 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
А.Исатаева
15 мамыр 2017 жыл