О внесении изменений в решение районного маслихата от 20 марта 2013 года № 10/76 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)".
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 20 марта 2013 года № 10/76 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)".
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/172
- Қабылданған күні
- 27.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2024 84609_696316.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14MF002526
- ЭКБ идентификаторы
- 84609
- Редакция идентификаторы
- 84609_696316
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:11
0 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2241 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 сәуірде аудандық «Ақкетік арайы» газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың 2 тармағының 4) тармақшасы, 3 тармағы және 7 тармағының 9) тармақшасы алынып тасталсын.
2
2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық экономика және
қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы:
Ж.Төлеген
27 қазан 2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Дощанов
27 қазан 2014 жыл