Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 20 декабря 2013 года № 15/145 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установление размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Ереже · № 19/204 · қабылданған 10.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2013-no-15145-ekb-81357/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 20 декабря 2013 года № 15/145 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установление размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Күшін жойған Ереже ·№ 19/204 ·10.06.2014
29.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 20 декабря 2013 года № 15/145 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установление размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Күшін жойған Ереже ·№ 19/204 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 20 декабря 2013 года № 15/145 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установление размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 15/145 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19/204
Қабылданған күні
10.06.2014
Көрсетілген редакция
29.06.2015 81357_281285.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14MD002476
ЭКБ идентификаторы
81357
Редакция идентификаторы
81357_281285
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:27

0 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 15/145 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 15/145 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2347 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 қантарда жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
9 тармақта:
1) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
«1) 22 наурыз – Наурыз мерекесі: «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;
3) тармақша келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге.»;
4) тармақшаның екінші абзацындағы «6 (алты) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын және келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;
5) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
«5) 6 қазан – Қазақстан Республикасындағы мүгедектер күні:
«бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;
9 тармақ келесідей мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
8) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
9) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;
13 тармақ алынып тасталсын;
15 тармақтың екінші абзацында «бала кезінен мүгедектер» деген сөздерден кейін «, мүгедек студенттер;» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).

3 3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Рысбаев Қайрат Ерсұлтанұлы
10 маусым 2014 жыл
«Қарақия аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Әбдіхалықова Әлия Жұмабайқызы
10 маусым 2014 жыл

Қолданыстағы