Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение Аршалынского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 18/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аршалынского района»

Ереже · № 28/2 · қабылданған 11.10.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2013-no-182-ekb-125486/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение Аршалынского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 18/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аршалынского района» Күшін жойған Ереже ·№ 28/2 ·11.10.2018
23.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение Аршалынского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 18/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аршалынского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 28/2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение Аршалынского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 18/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аршалынского района»
Атауы (қаз.)
Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28/2
Қабылданған күні
11.10.2018
Көрсетілген редакция
23.12.2020 125486_500935.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18BD006816
ЭКБ идентификаторы
125486
Редакция идентификаторы
125486_500935
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:56

0 Аршалы аудандық мәслихатының

2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы
ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс пен толықтыру
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Аршалы аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2013 жылғы 27 қыркүйекте аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2013 жылғы 27 қыркүйекте аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«9) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
9-тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, зейнеткерлік жасына жеткен адамдарға, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне, «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, он сегіз жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылардың ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне – алушының мәртебесін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылған жағдайда, қала маңындағы жолаушылар көлігінің маршруттарында жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі
2018 жылғы 11 қазан А. Тайжанов

Қолданыстағы