О внесении изменений в решение Аршалынского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 18/2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аршалынского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Аршалынского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 18/2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аршалынского района"
- Атауы (қаз.)
- Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31/4
- Қабылданған күні
- 27.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 83309_500939.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BD004354
- ЭКБ идентификаторы
- 83309
- Редакция идентификаторы
- 83309_500939
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:43
0 Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аршалы аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2013 жылдың 27 қыркүйекте аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2013 жылдың 27 қыркүйекте аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тараудың 9 тармағының 1), 2) тармақшалары келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары – коммуналдық қызмет шығындары үшін 100 пайыз мөлшерінде ай сайын сумен, канализация, жылумен, қоқыс тазалау, электрмен, қатты отын, байланыс қызметтері (абоненттік төлем), газбен қамтамасыз ету үшін қызмет жеткізушілер ұсынған тізілімдерге сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен;
2) күндізгі бөлімшелерде оқитын аз қамтамасыз етілген, ауылдық жерлердің көпбалалы отбасылардың колледж студенттері – оқудың құны мөлшерінде;».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Аршалы ауданының әкімі
Ж. Нұркенов
2014 жыл 27 тамыз