О внесении дополнения в решение Аршалынского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 18/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аршалынского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Аршалынского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 18/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аршалынского района»
- Атауы (қаз.)
- Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36/2
- Қабылданған күні
- 04.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 129001_500945.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BD007064
- ЭКБ идентификаторы
- 129001
- Редакция идентификаторы
- 129001_500945
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:14
0 Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аршалы аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2013 жылғы 27 қыркүйекте аудандық «Аршалы айнасы» және «Вперед» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақ келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) 15 ақпан - Ауғанстаннан әскерді шығару күні.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі Т. Мұханбеджанов
2019 жылғы 4 ақпан