Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 20 декабря 2013 года № 188 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня категорий нуждающихся граждан в городе Актобе»

Ереже · № 81 · қабылданған 27.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2013-no-188/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 20 декабря 2013 года № 188 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня категорий нуждающихся граждан в городе Актобе» Күшін жойған Ереже ·№ 81 ·27.07.2016
23.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 20 декабря 2013 года № 188 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня категорий нуждающихся граждан в городе Актобе»

Күшін жойған Ереже ·№ 81 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 20 декабря 2013 года № 188 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня категорий нуждающихся граждан в городе Актобе»
Атауы (қаз.)
«Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
81
Қабылданған күні
27.07.2016
Көрсетілген редакция
23.11.2016 105824_136510.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16CA005042
ЭКБ идентификаторы
105824
Редакция идентификаторы
105824_136510
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:15

0 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылдың 20 желтоқсандағы № 188 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 28 желтоқсанда № 3726 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда және 2014 жылғы 16 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасындағы:
барлық мәтін бойынша «Ақтөбе қаласының «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» деген сөздері «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» деген сөздерімен ауыстырылсын;
1 тарауда:
1 тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті»;
3 тарауда:
19 тармағындағы:
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Ақтөбе облыстық филиалы» деген сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» деген сөздерімен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

_______________________
Б. Бисенғалиева

Қолданыстағы