О внесении дополнения в решение Казыгуртского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 19/139-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Казыгуртского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 19/139-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 19/139-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28/185-V
- Қабылданған күні
- 24.02.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 28.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 08.07.2016 78023_Some(99313).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UF002566
- ЭКБ идентификаторы
- 78023
- Редакция идентификаторы
- 78023_Some(99313)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:45
0 Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 19/139-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақсыздануына байланысты аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында 2014 жылы қосымша материалдық көмек көрсету үшін, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 19/139-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2375 тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйектегі «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Халықтың аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында, Ұлттық валюта курсының төмендеуі орын алған айдан бастап үш ай мерзімге отбасыға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.».