О внесении изменения и дополнения в решение Казыгуртского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 19/139-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение Казыгуртского районного маслихата от 20 августа 2013 года № 19/139-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 19/139-V шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 48/333-V
- Қабылданған күні
- 11.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.07.2016 97304_Some(99315).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UF003513
- ЭКБ идентификаторы
- 97304
- Редакция идентификаторы
- 97304_Some(99315)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:06
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидасын бекіту туралы»
Қазығұрт аудандық мәслихатының
2013 жылғы 20 тамыздағы №19/139-V
шешіміне өзгеріс пен толықтыру
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы №19/139-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2375 тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйектегі «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«4) 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
7 тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».