Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жанибекского районного маслихата от 20 декабря 2013 года № 20-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанибекского района»

Ереже · № 24-4 · қабылданған 09.10.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2013-no-20-1-ekb-125695/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жанибекского районного маслихата от 20 декабря 2013 года № 20-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанибекского района» Күшін жойған Ереже ·№ 24-4 ·09.10.2018
04.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жанибекского районного маслихата от 20 декабря 2013 года № 20-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанибекского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 24-4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жанибекского районного маслихата от 20 декабря 2013 года № 20-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанибекского района»
Атауы (қаз.)
Жәнібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №20-1 «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
24-4
Қабылданған күні
09.10.2018
Көрсетілген редакция
04.03.2020 125695_448128.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18ZF005386
ЭКБ идентификаторы
125695
Редакция идентификаторы
125695_448128
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:58

0 Жәнібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №20-1 «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы

№20-1 «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3414 тіркелген, 2014 жылғы 24 қаңтардағы «Шұғыла» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі (кіріспе) мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» және 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулыларына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» және 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағида) қаулыларына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.»;
8 – тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
9 – тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Батыс Қазақстан облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасыларға, емделуге және тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
14 – тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және /немесе аудандық аурухананың жолдамасы, ауруханадан шығару құжаты.»;

2 2. Жәнібек аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Уәлиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
Б.Қонысбаева_________________
2018 жылғы « 31 » қазан

Қолданыстағы