О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата от 20 сентября 2013 года № 57 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата от 20 сентября 2013 года № 57 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Денисов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52
- Қабылданған күні
- 24.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2020 107465_481867.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NH006700
- ЭКБ идентификаторы
- 107465
- Редакция идентификаторы
- 107465_481867
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:27
0 Денисов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57
«Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 57 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4251 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 қарашада «Наше время» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) уәкiлеттi ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Денисов аудандық бөлімшесі»;
23-тармақ алып тасталсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Денисов ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Ж.М. Жалғаспаев
2016 жылғы «24» қазан
«Денисов ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Б. Ж. Рахметов
2016 жылғы «24» қазан