О внесении изменений в решение маслихата от 20 сентября 2013 года № 61 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающим в сельских населенных пунктах"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 20 сентября 2013 года № 61 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающим в сельских населенных пунктах"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 61 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процентке жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 27.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2018 81391_381119.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NH004941
- ЭКБ идентификаторы
- 81391
- Редакция идентификаторы
- 81391_381119
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:18
0 Мәслихаттың 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 61 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процентке жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 61 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процентке жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4241 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 қарашада "Наше время" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ C.Ф. Рахметова