Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 марта 2013 года №10/76 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Тупкараганском районе»

Өзге акт · № 13/76 · қабылданған 27.04.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2013-no1076/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 марта 2013 года №10/76 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Тупкараганском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/76 ·27.04.2022
18.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 марта 2013 года №10/76 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Тупкараганском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/76 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 марта 2013 года №10/76 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Тупкараганском районе»
Атауы (қаз.)
Түпқараған аудандық мәслихатының «Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2013 жылғы 20 наурыздағы №10/76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/76
Қабылданған күні
27.04.2022
Көрсетілген редакция
18.04.2024 167832_696310.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22MF028101
ЭКБ идентификаторы
167832
Редакция идентификаторы
167832_696310
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:15

0 Түпқараған аудандық мәслихатының «Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2013 жылғы 20 наурыздағы №10/76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2013 жылғы 20 наурыздағы №10/76 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2241 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.»;
Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерінде:
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан Түпқараған ауданы әкімдігі жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға пайдалы ауданы 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.»;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы