О внесении изменений и дополнения в решение Уральского городского маслихата от 20 ноября 2013 года №18-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Уральск»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Уральского городского маслихата от 20 ноября 2013 года №18-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Уральск»
- Атауы (қаз.)
- Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы №18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11-4
- Қабылданған күні
- 12.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.02.2020 112468_443834.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZA004805
- ЭКБ идентификаторы
- 112468
- Редакция идентификаторы
- 112468_443834
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:08
0 Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы №18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқада мейрамдар тізімі» Жарлығына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы №18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3376 тіркелген, 2013 жылғы 30 желтоқсандағы «Жайық үні» - «Жизнь города» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
2 – тармақта:
11),12),13),14) тармақшалар алынып тасталсын;
8 – тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
9 – тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) онкологиялық ауруларға, туберкулез ауруларына, адамның иммун тапшылығының вирусі ауруларына, жүйелі қызыл волчанка ауруларына –аурудың ем алып жатқанын дәлелдейтін анықтама негізінде табысын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедек балаға емделуге табыстарын есепке алмай, дәрігерлік –консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде, комиссия белгіленген мөлшерінде;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, санаторлық-курорттық емделуге облыс аумағынан басқа жаққа жолданған мүгедектерге және мүгедек балаларға жол жүру құжаттарын (билеттер) ұсынған кезде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және қайтуға дейін плацкарттық вагон орны бағасы мөлшерінде төлем жүргізіледі.».
24 - тармақ алынып тасталсын;
Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
1 - қосымшасындағы бесінші баған мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні біржолғы»;
3 - қосымшасындағы жиырма екінші баған мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Арнаулы әлеуметтік көмек алатын мүгедек балаларға мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы және үйде оқитын мүгедек балаларға ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педогогикалық консультация қорытындысы) негізінде 10 000».
2 2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан
облысы әкімінің орынбасары М.Тоқжанов
2017 жылғы «15» мамыр