О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 20 ноября 2013 года №18-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Уральск»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 20 ноября 2013 года №18-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Уральск»
- Атауы (қаз.)
- Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы №18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19-4
- Қабылданған күні
- 28.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.02.2020 119583_443836.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZA005089
- ЭКБ идентификаторы
- 119583
- Редакция идентификаторы
- 119583_443836
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:34
0 Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы
20 қарашадағы №18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес
Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Орал қалалық мәслихатының «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 қарашадағы №18-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3376 тіркелген, 2013 жылғы 30 желтоқсандағы «Жайық үні» - «Жизнь города» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қамтамасыз етілген азаматтардың (отбасыларының) адамдарының тұрмыстық қажеттіліктеріне:
бір адамға -3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2 адамның әр қайсысына -2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3 және оданда көп адамның әр қайсысына - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
2 2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан
облысы әкімінің
орынбасары:
____________Ғ.Оспанқұлов
2018 жылғы «1» наурыз