Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 132 «Об утверждении Правил организации и проведения производственного экологического мониторинга при проведении нефтяных операций в казахстанском секторе Каспийского моря»

Бұйрық · № 558 · қабылданған 07.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2014-no-132-ekb-94459/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 132 «Об утверждении Правил организации и проведения производственного экологического мониторинга при проведении нефтяных операций в казахстанском секторе Каспийского моря» Күшін жойған Бұйрық ·№ 558 ·07.09.2015
14.07.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 132 «Об утверждении Правил организации и проведения производственного экологического мониторинга при проведении нефтяных операций в казахстанском секторе Каспийского моря»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 558 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 132 «Об утверждении Правил организации и проведения производственного экологического мониторинга при проведении нефтяных операций в казахстанском секторе Каспийского моря»
Атауы (қаз.)
«Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 132 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
558
Қабылданған күні
07.09.2015
Көрсетілген редакция
14.07.2021 94459_531210.kaz
Соңғы өзгеріс
14.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012166
ЭКБ идентификаторы
94459
Редакция идентификаторы
94459_531210
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:28

0 «Каспий теңізінің қазақстандық

секторында мұнай операцияларын
жүргізу кезінде өндірістік экологиялық
мониторингті ұйымдастыру және жүргізу
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің 2014 жылғы
20 қарашадағы № 132 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10024 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылығы 12 ақпандағы № 28 (28056) және 2015 жылғы 12 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
көрсетілген Қағидалардың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
2015 жылғы «___»__________

0 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
7 қырқүйектегі 2015 жылғы
№ 558 бұйрығына қосымша
Каспий теңізінің қазақстандық
секторында мұнай операцияларын
жүргізу кезінде өндірістік
экологиялық мониторингті
ұйымдастыру және жүргізу
қағидаларына қосымша
Өндірістік экологиялық мониторингті жүргізу кезінде анықталатын қоршаған орта компоненттері мен көрсеткіштерінің тізбесі

1 1) гидрометеорологиялық параметрлер.

Байқау желдің бағыты мен жылдамдығына, ауа температурасына, ауа райының жай-күйіне (атмосфералық қысым, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын), су бетінің жай-күйіне (толқындардың биіктігі, ағыстар, мұнай қабыршағының, көбіктердің болуы) жүргізіледі.
Байқау кезеңділігі: ауа сынамаларын іріктеу кезінде;

2 2) атмосфералық ауа.

Бақыланатын көрсеткіштер тізбесі: күкірттің, азоттың және көміртегініңқос тотықтары, құрамында күкіртсутегі бар көмірсутегі шикізатын бұрғылау және өндіру кезіндегікөмірсутегілер.
Байқау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын жеке мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін,операциялар кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік жұмыстар кезінде – өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

3 3) теңіз сулары.

Бақыланатын көрсеткіштер тізбесі: тұздылығы, еріген оттегі, рН, Еh, биогенді элементтер, органикалық зат, көміртегі қосындылары, синтетикалық беткі белсенді заттар ( анионды беткі белсенді заттар), фенолдар, ауыр металдар (Al, As, Ba, Cd, Cr, Cu, Fe, Hg, Ni, Pb, V, Zn).
Байқау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, операциялар кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік жұмыстар кезінде өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

4 4) су түбінің шөгінділері.

Бақыланатын көрсеткіштер тізбесі: су түбі шөгінділерінің гранулометрлік құрамын анықтау, тотықтырғыш - қалпына келтіргіш әлеует және су түбі шөгінділерінің бір және төрт сантиметр тереңдіктегі температурасы, рН, органикалық көміртегінің құрамы, ауыр металлдар (Al, As, Ba, Cd, Cr, Cu, Fe, Hg, Ni, Pb, V, Zn), фенолдар, көмірсутегілердің құрамы (көмірсутегілердің жалпы шоғыры, полиароматты көмірсутегілер), микробиологиялық байқаулар: микроорганизмдердің жалпы санын анықтау, сапрофиттер, актиномицеттер және саңырауқұлақтардың жалпы санын анықтау, микроорганизмдердің биомассасын анықтау, микроорганизмдерді анықтау, мұнайтотықтыратын микроорганизмдерді анықтау.
Байқау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, операциялар кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік жұмыстар кезінде – өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

5 5) бентос.

Бақыланатын көрсеткіштер тізбесі: организмдердің жалпы саны, түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), жалпы биомассасы, түрлердің биомассасы және саны бойынша үстем болатын негізгі топтар және түрлердің саны, (зообентос түрлерінің сан жағынан басым құрамы).
Байқау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, операциялар кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік жұмыстар кезінде –өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

6 6) фитопланктон.

Бақыланатын көрсеткіштер тізбесі: фитопланктон жасушаларының жалпы саны, жалпы биомассасы, түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), сапробтық деңгейі.
Байқау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, операциялар кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік жұмыстар кезінде – өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

7 7) зоопланктон.

Бақыланатын көрсеткіштер тізбесі: организмдердің жалпы саны; түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), жалпы биомассасы, сапробтық деңгейі, негізгі топтар және түрлердің саны, негізгі топтар және түрлердің биомассалары.
Байқау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, операциялар кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік жұмыстар кезінде – өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

8 8) су өсімдіктері.

Бақыланатын көрсеткіштер тізбесі: қоғамдастықтардың флористикалық құрамы, қоғамдастықтардағы түрлердің таралу пайызы, су түбінің шөгінділерін өсімдіктермен проекциялықжамылғысыпайызбен, өсімдіктердің құрылымы (тігінен, көлденең), өсімдіктердің өзгеру дәрежесі.
Байқау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, операциялар кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік жұмыстар кезінде – өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

9 9) ихтиофауна.

Ихтиологиялық зерттеулер кеміндеүш рет аулауды қарастырады.
Бақыланатын көрсеткіштер тізбесі: балықтардың барлық түрлері үшін ауланатын балықтардың түр құрамы, балық түрлері мен аулау құралдары бойынша тралмен бір рет аулау, балықтардың сирек түрлерінің болуы, өлшемдік құрылымы. Балықтардың кәсіпшілік түрлеріне (жергілікті ихтиологиялық қоғамдастықтардың көптеген, тұрақты өкілдері) балықтардың жеке биологиялық сипаттамасы (Q - жалпы масса, q - ішек-қарынсыз дене массасы, L - балықтың жалпы ұзындығы, ι- құйрық жүзу қанатынсыз балықтың ұзындығы, жынысы, жас шамасы, жетілу сатысы), жетілудің IV сатысында аналығын ұстау кезінде абсолютті жеке өсімталдығымен анықталады, сызықты өсу қарқыны, түрдің типтік морфологиялық әлпетінен ауытқуларының (кемтарлықтар) болуы, сыртқы паразиттердің болуы, оларды оқшаулау және саны (тек қана жай көзбен көрінетін паразиттер екенін есепке алу керек), қуыс паразиттерінің болуы, олардың саны мен салмағы.
Байқау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, операциялар кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік жұмыстар кезінде – өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

10 10) орнитофауна.

Бақыланатын көрсеткіштер тізбесі:түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), саны, тұратын орнының сипаттамасы мен зерттелетін аумақта орналастыру ерекшелігі, осы көрсеткіштердің маусымдық және көпжылдық көрсеткіштер динамикасы.
Байқау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, операциялар кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік жұмыстар кезінде – өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

11 11) итбалықтар.

Бақыланатын көрсеткіштер тізбесі: түрлену саны, тұратын орнының сипаттамасы мен бақыланатын аумақта орналастыру ерекшелігі, табиғи және антропогенді (техногенді) факторлардың әсерімен бұл көрсеткіштердің маусымдық және көпжылдық динамикасы.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік жұмыстар кезінде – өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында;

12 12) физикалық факторлар.

Бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезіндегі радиациялық жағдайды байқау: металл сынақтарын сақтау учаскелерінде, құрамында мұнайы бар шламды сақтайтын және қабылдайтын учаскелерде, иондаушы сәуле шығару көздері бар жабдықтарды сақтау учаскелерінде.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үздіксіз өндірістік жұмыстар кезінде – өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағында.

Қолданыстағы