О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 марта 2014 года № 165 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам документирования и регистрации населения Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 марта 2014 года № 165 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам документирования и регистрации населения Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 386
- Қабылданған күні
- 27.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2015 AI84372_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14C0009648
- ЭКБ идентификаторы
- 84372
- Редакция идентификаторы
- AI84372_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:18
0 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекетік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9378 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 26 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
12-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Орталықпен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және Министрліктің mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Орталықпен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Орталықпен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Орталықпен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Орталықпен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 386 бұйрығына
«Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар, жеке
куәліктер беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
9 «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 386 бұйрығына
«Қазақстан Республикасының
азаматтарына уақытша жеке
куәліктер беру» мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
10 «Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 386 бұйрығына
«Қазақстан Республикасы
азаматтарын тұрғылықты жері
бойынша тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
11 «Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 386 бұйрығына
«Қазақстан Республикасы
азаматтарын тұрғылықты жері
бойынша тіркеу есебінен
шығару» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
12 «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 386 бұйрығына
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай
анықтамаларын беру» мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы