О внесении изменений и дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 20 февраля 2014 года № 196/28 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 20 февраля 2014 года № 196/28 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу"
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 196/28 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 228/31
- Қабылданған күні
- 30.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 08.07.2016 80124_259211.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PB003820
- ЭКБ идентификаторы
- 80124
- Редакция идентификаторы
- 80124_259211
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:48
0 Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 196/28 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 196/28 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде № 3731 болып тiркелген, 2014 жылғы 29 наурызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газетінде № 25 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
8-тармақтың 8) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын, жедел және жоспарлы хирургиялық операциядан өткен адамдар;";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын, өрт, зіл-зала апаты, жазатайым оқиға, төтенше жағдайлар, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғалар, соның ішінде үй тұрмысы құралдары, пәтер заттары және шаруашылық құрылыстары жартылай зақымданған кезде;";
9-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші абзацта "8 айлық есептік көрсеткіш" деген сандар мен сөздер "50 (елу) айлық есептік көрсеткіш" деген сандар және сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тармақтың 8) тармақшасындағы үшінші абзацта көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері, "Павлодар облысының төтенше жағдай және мобилизациялық даярлау департаменті" мемлекеттік мекемесінің ведомствоға қарасты мекемелермен (ұйымдармен) берілген анықтамасы немесе қорытындысы негізінде, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссияның шешімі бойынша 70 (жетпіс) АЕК-ке дейінгі мөлшерде;";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"8-тармақтың 6) тармақшасындағы үшінші абзацта көрсетілген санаттар үшін 2014 жылға, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде біржолғы әлеуметтік көмек 17619 теңге мөлшерінде;
8-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 2014 жылға, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде біржолғы әлеуметтік көмек 17619 теңге мөлшерінде;".