Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 20 февраля 2014 года № 196/28 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу»

Ереже · № 358/47 · қабылданған 22.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2014-no-19628-ekb-92686/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 20 февраля 2014 года № 196/28 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу» Күшін жойған Ереже ·№ 358/47 ·22.07.2015
08.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 20 февраля 2014 года № 196/28 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу»

Күшін жойған Ереже ·№ 358/47 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 20 февраля 2014 года № 196/28 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу»
Атауы (қаз.)
Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 196/28 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
358/47
Қабылданған күні
22.07.2015
Көрсетілген редакция
08.07.2016 92686_259199.kaz
Соңғы өзгеріс
08.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15PB004654
ЭКБ идентификаторы
92686
Редакция идентификаторы
92686_259199
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:01

0 Ақсу қалалық мәслихатының

2014 жылғы 20 ақпандағы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Ақсу қаласының мұқтаж
азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» № 196/28 шешіміне өзгеріс
пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 196/28 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде № 3731 болып тiркелген, 2014 жылғы 29 наурызда «Ақсу жолы», «Новый путь» газеттерінде № 25 жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы 8 абзацпен толықтырылсын:
«көру қабілеті бұзылған 1 топтағы мүгедектер;»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«8-тармақтың 6) тармақшасындағы сегізінші абзацта көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, тиісті медициналық мекемесінің көру қабілеті бұзылған 1 топ мүгедектігі туралы анықтамасы негізінде (сауықтыруға) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
«8-тармақтың 6) тармақшасындағы сегізінші абзацта көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, тиісті медициналық мекемесінің көру қабілеті бұзылған 1 топ мүгедектігі туралы анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде (еріп жүретін адамның тұру, тамақтану және жол ақысына) 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде;»;
9-тармақтың 2) тармақшасындағы сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тармақтың 8) тармақшасындағы үшінші абзацта көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның шешімі бойынша (өрт болған кезде) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің немесе (су тасқыны кезде) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің қорытындысы (анықтамасы) негізінде 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;».

2 2. Осы шешімінің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы