О внесении изменений в решение Курчатовского городского маслихата от 20 марта 2014 года № 21/152-V «О регламенте Курчатовского городского маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Курчатовского городского маслихата от 20 марта 2014 года № 21/152-V «О регламенте Курчатовского городского маслихата»
- Атауы (қаз.)
- «Курчатов қалалық мәслихатының регламенті туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 21/152-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37/271-V
- Қабылданған күні
- 17.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2016 93049_144265.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VC004098
- ЭКБ идентификаторы
- 93049
- Редакция идентификаторы
- 93049_144265
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:04
0 «Курчатов қалалық мәслихатының
регламенті туралы» Курчатов
қалалық мәслихатының 2014 жылғы
20 наурыздағы № 21/152-V шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1 бабы 1-тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Курчатов қалалық мәслихатының регламенті туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 21/152-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3254 нөмірімен тіркелген, облыстық «7 дней» газетінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 21 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Курчатов қалалық мәслихатының регламентінде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Курчатов қалалық мәслихатының кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.»;
8-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.».