Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 мая 2014 года № 218 «Об утверждении Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат военнослужащим»

Бұйрық · № 390 · қабылданған 26.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2014-no-218-ekb-114486/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 мая 2014 года № 218 «Об утверждении Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат военнослужащим» Қолданыста Бұйрық ·№ 390 ·26.07.2017
26.07.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 мая 2014 года № 218 «Об утверждении Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат военнослужащим»

Қолданыста Бұйрық ·№ 390 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 мая 2014 года № 218 «Об утверждении Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат военнослужащим»
Атауы (қаз.)
«Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
390
Қабылданған күні
26.07.2017
Көрсетілген редакция
26.07.2017 114486_237226.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015588
ЭКБ идентификаторы
114486
Редакция идентификаторы
114486_237226
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:23

0 «Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9527 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ә.Б. Сқақовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қарулы Күштерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 390 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 20 мамырдағы
№ 218 бұйрығымен
бекітілген
Қарулы Күштерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулық

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық):

1 1) әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – зейнетақы төлемі) тағайындауды және оларды жүзеге асыруды;

2 2) зейнетақы төлемдерін қайта есептеуді, тоқтатуды, уақытша тоқтатуды және қайта төлеуді айқындайды.

2 2. Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру бойынша жұмысты ұйымдастыруды:

1 1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығымен (бұдан әрі – Орталық);

2 2) жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.

3 3. Әскери қызметтен шығарылуға жататын әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын, оның ішінде еңбек өтілін ескере отырып есептеуді Орталық жүргізеді.

4 4. Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

5 5. Әскери қызметтен шығарылатын әскери қызметшілердің жеке істерін қызметтен шығарылғанға дейін алты ай бұрын әскери бөлімдер мен мекемелер қызмет өткергенін растағаннан кейін Орталыққа жолдайды.

Әскери бөлімде (мемлекеттік мекемеде) қызмет өткеретін әскери қызметшінің қызмет өткеруін растауды офицерлер құрамына – кадр бөлімшесінің бастығы (кадр жұмысын жүргізуге жауапты), сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамының әскери қызметшілеріне – жасақтау органы (сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамы әскери қызметшілерінің жеке істерін жүргізуге жауапты) жүргізеді.
Жеке істерді жолдау алдында қызметтік тізімде көрсетілген әскери қызметтің барлық кезеңдері, сондай-ақ жеңілдік шарттарында зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеуге құқық беретін жазбалар тексеріледі және аттестаттау және қосымша құжаттар деректерімен салыстырылады және бұйрықтармен немесе тиісті құжаттармен расталады.

6 6. Әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін жолданатын жеке істің бірінші данасында мынадай құжаттар болады:

1 1) қызметтік тізім (қызмет өткеруді растаумен);

2

2) әскери бөлімдер командирлерінің (мемлекеттік мекемелер басшыларының) бұйрықтарынан үзінді көшірмелер не қызмет өткергенін, оның ішінде жеңілдік шарттарында өткергенін растайтын «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10127 болып тіркелген) архивтік анықтамалар;

3 3) мерзімді қызмет өткергенін растайтын құжат (әскери билеттің көшірмесі немесе жергілікті әскери басқару органынан анықтама);

4 4) басқа мемлекеттік органдардағы (басқа елдердің Қарулы Күштеріндегі) қызметті жеңілдікпен есептеуді растайтын құжаттар;

5 5) еңбек кітапшасының түпнұсқасы және оның көшірмесі (еңбек өтілі болған кезде), дипломның, білімі туралы аттестаттың, балалардың туу туралы куәліктерінің нотариат куәландырған көшірмелері, архивтік анықтамалар және еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттар;

6 6) 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек өтілі болған кезде міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Орталық осы тармақта көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеуді жүргізеді.
Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 34 бабымен белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайлардан басқа, құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін бөлімшенің лауазымды адамы куәландырады.

7 7. Жеке істің материалдары толық жинақталмаған жағдайда, Орталық бір жұмыс күні ішінде құжатпен растауды қажет ететін кезеңдерді көрсете отырып, бұл туралы әскери бөлімді (мекемені) хабардар етеді.

Әскери бөлімдер (мекемелер) хабарламада көрсетілген қажетті растау құжаттарын белгіленген тәртіппен Орталыққа үш жұмыс күні ішінде жолдайды.

2 2-тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру

8

8. Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысанда зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш береді және Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды қоса береді.
1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдар үшін зейнетақы жинақталымдарының болуы немесе болмауы туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.

9

9. Есепке алу құжаттарын жүргізу жөніндегі жұмыс жүктелген әскери бөлімдер мен мекемелердің лауазымды адамдары (бұдан әрі – лауазымды адам) осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделген құжаттарды қосып, оларды әскери есепке қою орны бойынша одан әрі жергілікті әскери басқару органдарына жолдау үшін әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің зейнетақы істерін рәсімдейді, сондай-ақ келесі құжаттармен толықтырады:

1 1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық жасаған зейнетақыға еңбек сіңірген жылдары есебінің түпнұсқасы;

2 2) әскери қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді көшірме;

3 3) шығарылуына байланысты жеке құрам тізімдерінен алу туралы әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығынан үзінді көшірме;

4

4) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының түпнұсқасы (әскери қызметші денсаулық жағдайы бойынша шығарылған жағдайда);

5 5) әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнің қаржы бөлімшесімен берілген ақшалай аттестат (төлем санатын көрсетумен).

Ақшалай аттестатта толық бір ай үшін ақшалай қамтылым жалақысының мөлшері және әскери қызметші қай күнге дейін ақшалай ризықтың барлық түрлерімен қамтамасыз етілгені, сондай-ақ жүргізілген зейнетақы төлемдерінің болуы немесе болмауы туралы жазбалар.

10 10. Лауазымды адам қызметтен шығарылған әскери қызметшіні оның жасалған зейнетақы ісімен таныстырады және әскери қызметшіні бөлім жеке құрамының тізімдерінен алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жібереді.

11

11. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген құжаттар мен зейнетақы істер олар жергілікті әскери басқару органдарына келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жоғарыда тұрған жергілікті әскери басқару органдарына ұсынылады. Жоғарыда тұрған жергілікті әскери басқару органдары келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды Орталыққа жолдайды.

12 12. Жергілікті әскери басқару органдары осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді есепке алу кестесіне және осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу карточкасына сәйкес зейнеткерлерді есепке алуды жүргізеді.

13 13. Орталық осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде зейнетақы ісін құрайды және зейнетақы төлемдерін тағайындауды жүргізеді.

14 14. Қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдері Орталықпен келесі тәртіпте тағайындалады:

1 1) жеке істер зейнетақы істерінің тізілімінде осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеледі, ол бойынша зейнетақы ісіне нөмір беріледі;

2 2) зейнетақыны тағайындау осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдеріне есептеу бойынша жүргізіледі;

3 3) жүргізілген тағайындаулар деректері Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес екі данада 1-ҚК үлгісіндегі үзінді көшірмелерді жасай отырып, Орталықтың электрондық деректер базасына енгізіледі;

4 4) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л үлгісіндегі хабарлама ресімделеді;

5 5) зейнетақы куәлігі осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;

6 6) зейнетақы куәліктерін есепке алу және беру журналы бойынша, осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы куәліктерін беру ведомосы осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

15 15. Зейнетақы куәлігі және оларды беруге ведомость ілеспе хатпен жергіәскери басқару органдарына жолданады.

16 16. 1-ҚК үлгісіндегі үзінді көшірме 1-В/Л үлгісіндегі хабарламамен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жолданады.

17

17. Орталық осы Нұсқаулықтың 8-тармағымен көзделген толық емес, нақты емес немесе қайшы келетін мәліметтерді қамтитын құжаттар келіп түскен жағдайда, сондай-ақ өтініш иесінде оған құқығының болмауына байланысты зейнетақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда Орталыққа келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтару себебін жазбаша түсіндірумен зейнетақы істерінің тізілімінде белгі жасай отырып, құжаттарды жергілікті әскери басқару органдарына қайтарады.

18 18. Зейнетақы тағайындау рәсімі аяқталғаннан кейін «Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалды» мөртаңбасы қойылған тігілген зейнеткерлік іс зейнеткерлік істерінің тізілімі бойынша Орталықтың архивіне одан әрі есепке алу және сақтау үшін беріледі.

3 3-тарау. Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу, тоқтату, уақытша тоқтату және қайта төлеу

19

19. Алушы зейнетақы мөлшерін қайта есептеу үшін Орталықтың мекенжайына бұдан бұрын әскери қызметшінің зейнетақы ісіне тіркелмеген оның еңбек қызметін немесе қызмет өткеруін, оның ішінде жеңілдік шарттарында өткеруін растайтын құжаттардың көшірмелерін, архивтік анықтамаларды ұсынған жағдайда зейнетақы мөлшерін қайта есептеу және қосымша төлеу Орталыққа растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

20

20. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлем және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлем (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалға) алушының дәрігерлік-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) түсуі немесе шығуы туралы ақпарат алған жағдайда, Орталық мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тоқтата тұру (жаңғырту) және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік корпорация хабардар ете отырып, зейнетақы төлемдері мынадай мәліметтер, оның ішінде мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінен бастап тоқтатылады:

1 1) қайтыс болуы туралы;

2 2) алушылардың тұрақты мекендеуге Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу фактісінің анықталуы;

3 3) алушыны хабарсыз кетті деп жариялау туралы;

4 4) сыныптық шен, әскери (арнайы) атақ беріп, алушыны лауазымға тағайындаған күннен бастап мемлекеттік қызметке қабылдау туралы;

5 5) жеке басын куәландыратын құжатының жарамдылық мерзімінің өтуі туралы (азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты).

Сондай-ақ зейнетақы төлемдері алушының осы Нұсқаулыққа 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы өтінішімен тоқтатылады.

21 21. Алушылардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты зейнетақыларды уақытша тоқтату үшін кету орны бойынша жергілікті басқару органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:

1 1) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақыларды уақытша тоқтату туралы өтініш;

2 2) басқа елдердің уәкілетті органдарының зейнеткерлік ісін жіберу туралы сұрау салуы;

3 3) мекенжайлық кету парағының (ішкі істер органдарында тіркеуден алу туралы) көшірмесі;

4 4) зейнеткерінің зейнетақы куәлігі.

Жергілікті басқару органдары осы Нұсқаулықтың осы тармағымен көзделген құжаттарды алғаннан кейін олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды Орталыққа жолдайды.
Орталық мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

1

1) Мемлекеттік корпорацияға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының тұрғылықты жері бойынша зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тоқтату туралы хабарламаны (1-Б/ҚК нысаны) және басқа елдердің уәкілетті органдарына зейнеткерлік (жеке) істі жіберуге ресми сұрау салуды ұсыну туралы сұрау салуды жолдайды;

2

2) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының тысқары жіберу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін тиесілігі бойынша офицерлер құрамының істерін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне, қатардағы жауынгерлер және сержанттар құрамының істерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне жолдайды.

22 22. Зейнетақы төлемдерін қайта төлеу үшін төлемдерді тоқтатуға негіз болатын мән-жайлар өзгерген кезде Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алушының өтініші негізінде тоқтатылған күннен бастап не қайта есептеу құқығы басталған сәттен бастап Орталық зейнетақы төлемін қайта төлейді.

Зейнетақы төлемдерін қайта төлеу үшін төлемдерді тоқтатуға негіз болатын мән-жайлар өзгерген кезде жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:

1 1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақыларды қайта төлеу туралы өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

3 3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);

4 4) банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

23 23. Қазақстан Республикасы халықаралық келісімдер жасасқан басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген алушылардың қоныс аударуына байланысты зейнетақыларды қайта жандандыру үшін жаңа тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:

1 1) зейнетақыны қайта төлеу туралы өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

3 3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);

4 4) банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер;

5 5) көлемі 3х4 см фотосурет (2 дана);

6 6) уәкілетті органнан зейнетақы төлемдерінің тағайындалмағаны және төленбегені туралы анықтама.

24 24. Қазақстан Республикасы халықаралық келісімдер жасасқан басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнеткерлік істерін басқа елдердің әскери комиссариаттары тұрақты тұрғылықты жерін тіркеу бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жолдайды.

25 25. Жергілікті әскери басқару органдары осы Нұсқаулықтың 23-тармағында көрсетілген құжаттар мен зейнеткерлік ісін алғаннан кейін олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды Орталыққа жолдайды.

26 26. Зейнетақыларды қайта төлеуге немесе уақытша тоқтатуға құжаттарды алғаннан кейін Орталық мынадай құжаттарды ресімдейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды:

1 1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-ВС нысаны бойынша үзінді көшірмені;

2 2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-ИУ нысаны бойынша үзінді көшірмені;

3 3) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 1-ВС/1-арттыру нысаны бойынша үзінді көшірмені;

4 4) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны;

5 5) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес 1-Б/ВС нысаны бойынша хабарламаны;

6 6) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес 1-Б/ВС/2 нысаны бойынша хабарламаны.

27 27. Алушы қайтыс болған немесе басқа да себептер бойынша зейнетақылар тоқтатылған жағдайда Орталықтың электрондық деректер базасына тиісті өзгерістер енгізіледі.

Зейнеткерлік істе «Қайтыс болды», «Оқу аяқталды», «Мемлекеттік корпорацияға ауысты», «Анықтағанға дейін» деген белгілер қойылады және ол есепке алу мен сақтау үшін Орталықтың мұрағатына беріледі.

28 28. Зейнетақы куәлігін және қосымша парақты жоғалтуға немесе жарамсыз болуына байланысты қайта алу немесе ауыстыру үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) өтініш (еркін нысанда);

2 2) пайдалануға жарамсыз құжатты;

3 3) бұқаралық ақпарат құралдарына құжатты жоғалту туралы хабарландыру беру және құжаттың жарамсыз болып танылғандығы туралы анықтаманы.

1 Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын

Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын
ЕСЕПТЕУ
Әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің әс­ке­ри ата­ғы, те­гі, аты және әке­сі­нің аты)
Жыл­дар
Ай­лар
Күн­дер
Жыл­дар
Ай­лар
Күн­дер
Ту­ған айы, кү­ні және жы­лы
1. Күн­тіз­бе­лік қыз­мет мер­зі­мі
Жиы­ны:
3. Ең­бек өті­лі
Жиы­ны:
Жиы­ны:
Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
Бар­лы­ғы:
2. Же­ңіл­дік шар­тта­рын­да есеп­те­ле­тін қыз­мет ке­зең­де­рі
Жиы­ны:
4. Же­ңіл­дік шар­тта­рын­да есеп­те­лі­не­тін ең­бек өті­лі
Жиы­ны:
Жиы­ны:
Жиы­ны:
а) Қыз­мет­тің бір айы үш ай үшін
Жиы­ны:
Жиы­ны:
Жиы­ны:
Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
Ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­ле­тін мер­зім
б) қыз­мет­тің бір айы екі ай үшін
Ито­го:
Жиы­ны:
Жиы­ны:
Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
в) қыз­мет­тің бір айы бір жа­рым ай үшін
Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
Же­ңіл
дік шар­тта­рын­да есеп­те­ле­тін ең­бек өті­лі
Бар­лық ең­бек өті­лі
Бар­лы­ғы:
Жал­пы ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­ның жиы­ны
ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­ле­тін мер­зім
Зей­не­та­қы­ға то­лық жыл­дар са­ны
Жалпы еңбек сіңірген жылда
ры
20 ___ ж. "_____"______________ ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру
орталығының бастығы
Қызмет маманы _________________
___________________________________
Қызмет бастығы_________________
Есеппен таныстым ________ (келісемін, келіспеймін)
қолы керек емесін сызу керек

2 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің зейнеткерлерін есепке алу кестесі

Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
зейнеткерлерін есепке алу
кестесі
Р/с №
Әскери атағы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Зейнеткерлік істің №
Зейнетақы мөлшері (толық/ толық емес)
Зейнетақы тағайындалған күн
1-бөлім. Толық көлемде тағайындалған зейнетақылар
2-бөлім. Толық көлемде тағайындалмаған зейнетақылар
3-бөлім. 1998 ж. 1.01. кейін алғаш рет шақырылған және зейнетақыға шығу құқығымен шығарылған әскери қызметшілер
4-бөлім. Зейнетақыға шығу құқығынсыз шығарылған әскери қызметшілер

3 Зейнеткердің есеп карточкасы

Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерінь тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Зейнеткердің есеп карточкасы
Зей­не­та­қы тү­рі
1
Е
ң
­б
е
к
с
і
­ң
і
р
­г
е
н
ж
ы
л­
д
а
­р
ы
ү
ш
і
н
Т.А.Ә. (бар бол­са)
2
Әс­ке­ри ата­ғы
3
Ла­у­а­зы­мы
4
Ту­ған кү­ні және же­рі
5
жы
лы
айы
кү
ні
Зей­не­та­қы ісі
6
Әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат
7
Зей­не­та­қы­ны есеп­теу үшін де­ректер
8
Қыз­мет­тен шы­ға­ры­л­ған кү­ні
Қыз­мет­тен
шы­ға­ры­лу
се­бе­бі
Ақ­ша­лай
ри­зық
Б
а
р
­л
ы
ғ
ы
жы­лы
айы
кү­ні
л
а
­у
­а
­з
ы­
м
ы
б
о
й
­ы
н­
ш
а
а
й
­л
ы­
қ
а­
қ
ы
ар
т­т
ы­
ры­
л­ғ
ан
ла
­у­а
­зы
м­д
ық
ай
­лы
­қа­
қы
әс­
ке­
ри
ата­
ғы
бой­
ын­
ша
ай­
лы­
қа­
қы
е
ң­
б
е
к
с
і­
ң
і
р
­г
е
н
ж
ы
л­
д
а­
р
ы
ү
ш
і
н
ү
с
т
е
­м
е
а
қ
ы
%
а
қ­
ш
а
­л
а
й
р
и
­з
ы
қ­
т
ы
ң
а
р
т­
т
ы­
р
ы
­л­
ғ
а
н
т
ү
р
л
е
­р
і
А
з
ы
қ

ү
­л
і
к
ү
л
е
­с
і­
н
і
ң
қ
ұ
­н
ы
б
а
п
т
а
р­
м
а
қ
%
т
е
ң
г
е
Зей­не­та­қы­ның
негіз­гі
мөл­ше­рі,
ең­бек
сі­ңір­ген
жыл­да­ры
9
Зе
й­не­т
а­қы
та­ғ
ай­ы
н­да
л­ды
Е
Ң­
Б
Е
К
С
І­
Ң
І
Р­
Г
Е
Н
Ж
Ы
Л
­Д
А­
Р
Ы
Ә
с
­к
е
р
­г
е
ш
а­
қ
ы
­р
у
ғ
а
д
е
й­
і
н­
г
і
ж
ұ­
м
ы
с
і
с­
т
е­
г
е
н
ж
ы
л­
д
а­
р
ы
­н
ы
ң
с
а­
н
ы
З
е
й
­н
е
­т
а­
қ
ы
­н
ы
ң
н
е
г
і
з­
г
і
м
ө
л
ш
е­
р
і
жы­лы
айы
кү­ні
жал­пы
күн­тіз­бе­лік
ең­бек өті­лі
%
т
е
ң­
г
е
Зей­не­та­қы­ның ар­туы және оған үсте­ма­қы аудан­дық ко­эф­фи­цент. Олар­ды тө­леу шар­тта­ры
10
Арт­ты­ру­лар мен үсте­ме­а­қы­лар түр­ле­рі
Со­ма­сы
О
л
а
р
­д
ы
т
ө­
л
е
у
ш
а
р­
т
т
а­
р
ы
Зей­не­та­қы мөл­ше­рі
11
Зей­нет­кер­дің тұ­рақ­ты тір­ке­уде тұр­ған же­рі
12
Қо­лы
13
БАС­ШЫ:
МА­МАН:
КҮ­НІ:

4 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Нысан
_______________
20 __ ж. дейін сақталсын
№ ______ тармақ
Мүк. № ________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы
20 __ ж. «___» ___ басталды
20 __ ж. «___» ___ аяқталды
_____ парақта
Р/с №
Істің тіркелген күні
Пошта түрі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Зейнетақы ісінің нөмірі
Зейнетақыны тағайындаудан бас тарту туралы немесе істі мұрағатқа тапсыру туралы белгі
Ескертпе

5 Зейнетақы төлемдеріне арналған

Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Нысан
№ АС - _ зейнеткерлік ісі
Зейнетақы төлемдеріне арналған
есеп
1.Тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса)_________________________________________________
2. Лауазым санаты және жалақысы ____________________ ,
______________ теңге
3. Әскери атағы және жалақысы ______________________ ,
______________ теңге
4. Еңбек сіңірген жылдары _______ (күнтізбелік есептеуде
____ жыл, еңбек өтілі _____ жыл)
5. Зейнетақы мөлшері _______ % _______________ теңге
6. Зейнетақы 20 ___ ж. « _____ » ______ бастап тағайындалды
7. Зейнетақы тағайындау үшін негіздеме: «Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 64, 65-баптары.
8. Зейнетақы мөлшерін айқындау: жаңа тағайындау
________________________________________________________
________________________________________________________
9. Өткен кезең үшін толық төлеу есебі: ________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жиыны: ______________ теңге.
Базалық зейнетақы төлемі:
________________________________________________________
Жиыны ______________ теңге.
ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру
орталығының бастығы ____________
М.О. Қызмет бастығы ________________
Қызмет маманы ________________
20 ___ ж. «___»___________
№ ___________ зейнетақы куәлігі мен қосымша парақ жазып берілді.

6 Әскери қызметшілерге зейнетақы

төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Нысан

7 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің

Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
Нысан
20 __ ж. дейін сақталсын
№______ тармақ __________________
Мүк. № ________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы
20 __ ж. «___» ___ басталды
20 __ ж. «___» ___ аяқталды
_____ парақта
Р/с №
Куәлік №
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Іс №
Адресат
Ведомость №
Алғаны туралы белгі

8 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі зейнеткерінің куәлігін беру ведомосы

Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
зейнеткерінің куәлігін беру
ведомосы
Р/с №
Куәлік №
Қосымша парақ зейнетақы түрі
Кімге берілді
Зейнеткерлік істің №
Берілген күні
Зейнеткердің қолы

9 Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату (уақытша тоқтатуға)

Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша
Нысан
Кімге: ____________________________________
___________________________________________
(өтініш иесінің Т.А.Ә.)
___________________________________________
___________________________________________
тұратын ___________________________________
тел: ______________________________________
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату (уақытша тоқтатуға)
Сізден______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(оқиғаның мән-жайы көрсетіледі)
байланысты зейнетақыны және/немесе өтемақыны қайта жандандыруды
(уақытша тоқтатуды) сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
20___ ж. «______» ______ Өтініш иесі __________ ____________
(жылы) (күні) (айы) қолы (Т.А.Ә.(бар болса)

Қолданыстағы