Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 мая 2014 года № 218 "Об утверждении Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат военнослужащим"

Бұйрық · № 575 · қабылданған 08.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2014-no-218-ekb-85690/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 мая 2014 года № 218 "Об утверждении Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат военнослужащим" Қолданыста Бұйрық ·№ 575 ·08.12.2014
08.12.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 мая 2014 года № 218 "Об утверждении Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат военнослужащим"

Қолданыста Бұйрық ·№ 575 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 мая 2014 года № 218 "Об утверждении Инструкции по назначению и осуществлению пенсионных выплат военнослужащим"
Атауы (қаз.)
"Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
575
Қабылданған күні
08.12.2014
Көрсетілген редакция
08.12.2014 AI85690_0.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14B0010076
ЭКБ идентификаторы
85690
Редакция идентификаторы
AI85690_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:39

0 "Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру жұмысын жетілдіру және реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына (2014 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9527 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың преамбуласы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының 5-тармағына сәйкес»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтың 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Осы Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының 5-тармағына сәйкес құрастырылған»;
Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын;
Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 10-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы:

1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2

2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

3 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.

4 4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 575
бұйрығына 1-қосымша
Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Нысан

6

2 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі зейнеткерінің куәлігін беру ведомосы

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 575
бұйрығына 2-қосымша
Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі зейнеткерінің куәлігін беру ведомосы
Р/с №
Ку­ә­лік №
Қо­сым­ша па­рақ зей­не­та­қы тү­рі
Кім­ге бе­ріл­ді
Зей­нет­кер­лік іс­тің №
Бе­рі­л­ген кү­ні
Зей­нет­кер­дің қо­лы

3 ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін келіп түскен жеке істерді есепке алу кітабы

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 575
бұйрығына 3-қосымша
Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша
Нысан
20 ж. дейін сақталсын                                         _______
№ тармақ
Мүк. № _______
ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін келіп түскен жеке істерді есепке алу кітабы
20__ж."___"_____________________ басталды
20__ж."___"_____________________ аяқталды
_______ парақта
Рет­тік нө­мі­рі
Іс қай­дан ке­ліп тү­сті
Іс­тің ке­ліп түс­кен кү­ні
Әс­ке­ри ата­ғы
Те­гі, әке­сі­нің аты
Іс қай­дан жол­дан­ды
Жі­бе­рі­л­ген кү­ні
Орын­да­ған
Ес­керт­пе

Қолданыстағы