О внесении изменений в решение Сатпаевского городского маслихата от 20 августа 2014 года № 219 "Об утверждении Регламента Сатпаевского городского маслихата"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сатпаевского городского маслихата от 20 августа 2014 года № 219 "Об утверждении Регламента Сатпаевского городского маслихата"
- Атауы (қаз.)
- Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 219 "Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 281
- Қабылданған күні
- 07.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2014 84765_129945.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KF002841
- ЭКБ идентификаторы
- 84765
- Редакция идентификаторы
- 84765_129945
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:02
0 Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 219 "Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» № 704 Жарлығына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 219 «Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2603 болып тіркелген және 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 16 (2103) «Шарайна» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентінде:
20 тармақта:
жетінші абзац жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Шешім жобасы жеке кәсіпкерлік субъектісінің мүддесін қозғайтын жағдайда, оған міндетті түрде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының сараптама қорытындысы беріледі, сондай-ақ шешім жобасы әрбір келесі келіскен кезде беріледі.»;
47 тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«47. Мәслихат хатшысының лауазымына кандидатураларды мәслихаттың депутаттары мәслихаттың сессиясында ұсынады. Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерінің алдағы қызметінің үлгі бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысын алса, кандидат мәслихаттың хатшысы лауазымына сайланды деп есептеледі.»;
68 тармақтан кейін:
«59» реттік нөмірі «69» реттік нөмірімен ауыстырылсын.