О внесении дополнений в решение Павлодарского городского маслихата от 20 января 2014 года № 226/30 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Павлодарского городского маслихата от 20 января 2014 года № 226/30 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 226/30 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 264/36
- Қабылданған күні
- 06.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2015 79871_287423.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PA003808
- ЭКБ идентификаторы
- 79871
- Редакция идентификаторы
- 79871_287423
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:45
0 Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 226/30 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 226/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 ақпандағы № 7 "Версия" газетінде және 2014 жылғы 28 ақпандағы № 8 "Шаһар" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
7-тармақта:
9) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар ішінен - 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына;";
8-тармақта:
2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"7-тармақтың 6-тармақшасы екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 17619 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 9-тармақшасы алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін 17619 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;";