О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 20 января 2014 года № 226/30 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 20 января 2014 года № 226/30 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 226/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 310/42
- Қабылданған күні
- 09.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2015 83256_287427.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PA004031
- ЭКБ идентификаторы
- 83256
- Редакция идентификаторы
- 83256_287427
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:39
0 Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 226/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 226/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпандағы № 8 «Шаһар» газетінде және 2014 жылғы 24 ақпандағы № 7 «Версия» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың 3) тармақшасындағы «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» сөздері «1 қазан - Халықаралық қарт адамдар күні» сөздерімен ауыстырылсын;
5-тармақтың 4) тармақшасындағы «қазанның екінші жексенбісі – Халықаралық мүгедектер күні» сөздері «қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні» сөздерімен ауыстырылсын;
8-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «Халықаралық мүгедектер күніне» сөздері «Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне» сөздерімен ауыстырылсын;
8-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші абзацындағы «Халықаралық қарттар күніне» сөздері «Халықаралық қарт адамдар күніне» сөздерімен ауыстырылсын.