О внесении изменения в решение Железинского районного маслихата от 20 ноября 2014 года № 250-5/31 (XXХI очередная сессия, V созыв) «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Железинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Железинского районного маслихата от 20 ноября 2014 года № 250-5/31 (XXХI очередная сессия, V созыв) «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Железинского района»
- Атауы (қаз.)
- Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы (V сайланған XXXI (кезекті) сессиясы) «Железин ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» № 250-5/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/6
- Қабылданған күні
- 30.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.03.2017 104794_168074.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PF005175
- ЭКБ идентификаторы
- 104794
- Редакция идентификаторы
- 104794_168074
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:32
0 Железинка аудандық мәслихатының
2014 жылғы 20 қарашадағы
(V сайланған XXXI (кезекті) сессиясы)
«Железин ауданының аз қамтамасыз
етілген отбасыларына (азаматтарына)
тұрғын үй көмегін беру ережесін
бекіту туралы» № 250-5/31 шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы «Железин ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» № 250-5/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 қарашада № 4198 болып тіркелген, «Родные просторы» және «Туған өлке» газеттерінің 2014 жылғы 6 желтоқсандағы № 49 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
корсетілген шешіммен бекітілген Железин ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін беру ережесінде:
4-бөлімдегі 15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
15
«15. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін (азамат) отбасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Железин аудандық бөліміне жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады.».