Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Таласского районного маслихата от 20 февраля 2014 года № 27-2 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таласскому району»

Ереже · № 8-15 · қабылданған 10.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2014-no-27-2/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Таласского районного маслихата от 20 февраля 2014 года № 27-2 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таласскому району» Күшін жойған Ереже ·№ 8-15 ·10.10.2016
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Таласского районного маслихата от 20 февраля 2014 года № 27-2 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таласскому району»

Күшін жойған Ереже ·№ 8-15 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Таласского районного маслихата от 20 февраля 2014 года № 27-2 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таласскому району»
Атауы (қаз.)
«Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 27-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8-15
Қабылданған күні
10.10.2016
Қолданысқа енгізілген күні
27.11.2016
Көрсетілген редакция
30.06.2020 107364_471726.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16GJ003204
ЭКБ идентификаторы
107364
Редакция идентификаторы
107364_471726
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:34

0 «Талас ауданы бойынша аз қамтылған

отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсету Қағидаларын бекіту
туралы" Талас аудандық мәслихатының
2014 жылғы 20 ақпандағы № 27-2
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 27-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2123 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 наурызындағы №26 аудандық "Талас тынысы" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:
2 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар»;
3 тармағы «тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен Талас ауданындағы тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1 1) жекешендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді)

жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

2 2) тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

3

3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге көрсетіледі» деген сөздер «Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Талас ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) беріледі»деген сөздерімен ауыстырылсын;
5 тармағында «Ресми расталмаған табыс жұмысқа жарамды отбасының (азаматтың) әрбір мүшесінің жеке өтінішіне сәйкес есепке алынады» деген сөздер «Ресми расталмаған табыс отбасының (азаматтың) жұмысқа жарамды әрбір мүшесінің ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады» деген сөздермен ауыстырылсын;
6 тармағында «күрделі жөндеуге» деген сөздер алынып тасталынсын.
13 тармағының бірінші абзацындағы «бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес» деген сөздер алынып тасталынсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы