О внесении изменения врешение Жанааркинского районного маслихата от 20 марта 2014 года № 27/174 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения врешение Жанааркинского районного маслихата от 20 марта 2014 года № 27/174 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16/130
- Қабылданған күні
- 27.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2021 115191_513048.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KL004368
- ЭКБ идентификаторы
- 115191
- Редакция идентификаторы
- 115191_513048
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:48
0 Жаңаарқа аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
20 наурыздағы №27/174 «Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы №27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2587 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі №17 (9611) «Жаңаарқа» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 30 мамырда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының:
27-2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«27-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 17 наурыздағы №37 «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №15016 болып тіркелген).».