Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 20 октября 2014 года № 339 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства, индустриально-инновационного развития и туризма Южно-Казахстанской области»

Қаулы · № 53 · қабылданған 11.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2014-no-339/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 20 октября 2014 года № 339 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства, индустриально-инновационного развития и туризма Южно-Казахстанской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 53 ·11.03.2016
16.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 20 октября 2014 года № 339 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства, индустриально-инновационного развития и туризма Южно-Казахстанской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 53 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 20 октября 2014 года № 339 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства, индустриально-инновационного развития и туризма Южно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 339 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53
Қабылданған күні
11.03.2016
Көрсетілген редакция
16.05.2016 100664_83015.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16U0003680
ЭКБ идентификаторы
100664
Редакция идентификаторы
100664_83015
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:05

0 «Оңтүстік Қазақстан облысының

кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық
даму және туризм басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту
туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы
№ 339 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7-тармағына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы №339 «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі № 2869 тіркелген, 2014 жылғы 11 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1. Жалпы ережелер» деген бөлімінде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 160023, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Арғынбеков көшесі.».
«2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген бөлімінде:
15-тармақта:
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) облыстың салаларын дамыту үшін инвестициялар тартады;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.».
16-тармақта:
1), 31), 34), 35) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстық кәсіпкерлер Палаталарының қатысуымен облыста кәсіпкерлікті қолдау карталарын әзірлеп облыс әкімдігіне бекітуге жолдайды;
31) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
34) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
35) берілген құзіреттің шегінде заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру лицензиар қызметін жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
«39) келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді береді;
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия береді;
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер береді;
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар береді»;
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсетеді.»;
30) тармақшасы - алып тасталсын.
17-тармақтың:
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өз құзыреті шегінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 202, 204, 464 - баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырады;».
«3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру» деген бөлімінде:
21-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өз құзіреті шегінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 202, 204, 464 - баптарына сәйкес әкімшілік хаттамаларға қол қояды;».

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.

Д. Сатыбалды
Б. Жылқышиев
С. Қаныбеков
Е. Садыр
Ұ. Сәдібеков
С. Тұяқбаев
А. Абдуллаев
К. Мендебаев

Қолданыстағы