О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 20 октября 2014 года № 365 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 20 октября 2014 года № 365 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 365 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 63
- Қабылданған күні
- 08.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2020 141356_453002.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20SE006180
- ЭКБ идентификаторы
- 141356
- Редакция идентификаторы
- 141356_453002
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:07
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 365 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 365 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына («Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 қарашада жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2987 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
3 «3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.»;
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2020 жылғы 8 сәуірі
№ 63 қаулысы
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2014 жылғы 20 қазандағы
№ 365 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу қағидалары
Осы Қағидалар қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
1 1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
2
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Полиция департаментi Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – СҚО ПД Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ПБ) енгiзедi.