О внесении изменений в решение акима Есильского района Северо-Казахстанской области от 20 февраля 2014 года № 5 «Об образовании избирательных участков на территории Есильского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Есильского района Северо-Казахстанской области от 20 февраля 2014 года № 5 «Об образовании избирательных участков на территории Есильского района»
- Атауы (қаз.)
- «Есіл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28
- Қабылданған күні
- 27.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.01.2019 95177_466443.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SF003448
- ЭКБ идентификаторы
- 95177
- Редакция идентификаторы
- 95177_466443
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:53
0 «Есіл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШТІ:
1
1. «Есіл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 ақпанда № 2576 тіркелген, 2014 жылғы 7 наурыздағы № 11 (412) «Есіл таңы» газетінде, 2014 жылғы 7 наурыздағы № 11 (8698) «Ишим» газетінде жарияланды) келесі өзгертулер енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Есіл ауданының аумағында 47 сайлау учаскелері келесі шекараларда құрылсын:»;
1 тармақта:
13) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
« 13) № 139 сайлау учаскесі.
Орталығы Ивано-Петровка ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Ивано-Петровка бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналасқан. Ивано-Петровка ауылының шекарасында.»;
15) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«15) № 141 сайлау учаскесі.
Орталығы Чириковка ауылы, «Чириковка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналасқан. Чириковка ауылы, Луговое ауылы, Гурьяновка ауылы, Жаңалық ауылы, Орталық ауылы шекараларында орналасқан.»;
32) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«32) № 158 сайлау учаскесі.
Орталығы Жекекөл ауылы, Центральная көшесі 2, Ербол Шаймерденұлы Сералиннің үйі (келісім бойынша). Жекекөл ауылының шекарасында.»;
33) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«33) № 159 сайлау учаскесі.
Орталығы Оседлое ауылы, Мир көшесі 3, Қайсар Өмірбайұлы Осиповтың үйі (келісім бойынша). Оседлое ауылының шекарасында.»;
44) тармақшасы алынып тасталсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппарат басшысы А.Ю.Кравчукке жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Қуанышбай Баяхметұлы
Рахиев
_________________________
2015 жылғы «27» қазан