О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 октября 2014 года № 62 «Об утверждении положений государственного учреждения «Комитет экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 октября 2014 года № 62 «Об утверждении положений государственного учреждения «Комитет экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 668-ж
- Қабылданған күні
- 23.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2017 115527_251099.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G17JVM00668
- ЭКБ идентификаторы
- 115527
- Редакция идентификаторы
- 115527_251099
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:33
0 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9824 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, ғимарат № 8.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойған күннен бастап бір апта мерзім ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;