О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 20 марта 2014 года № 62 "Об утверждении регламента государственной услуги в сфере строительной, архитектурной и градостроительной деятельности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 20 марта 2014 года № 62 "Об утверждении регламента государственной услуги в сфере строительной, архитектурной и градостроительной деятельности"
- Атауы (қаз.)
- "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 62 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 322
- Қабылданған күні
- 04.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2017 85220_201298.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003593
- ЭКБ идентификаторы
- 85220
- Редакция идентификаторы
- 85220_201298
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:42
0 "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 62 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16 - бабының 3 - тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығының негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9432 нөмірімен тіркелген) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3275 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 26 мамырдағы № 58 (16995) «Дидар», 2014 жылғы 24 мамырдағы № 58 (19505) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай - ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
мынадай мазмұндағы 9 - тармақпен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс - қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің 2 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб - порталында, қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылған.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2 - қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы « 04 »
желтоқсандағы № 322
қаулысына қосымша
«Ғибадат үйлерін
(ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін
айқындау, сондай-ақ үйлерді
(ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта
бейіндеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралышешім
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: