О внесении дополнений в постановление акимата Атырауской области от 20 марта 2014 года № 75 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области культуры по Атырауской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Атырауской области от 20 марта 2014 года № 75 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области культуры по Атырауской области"
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 75 "Атырау облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 255
- Қабылданған күні
- 29.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2015 83285_64745.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14T0002999
- ЭКБ идентификаторы
- 83285
- Редакция идентификаторы
- 83285_64745
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:42
0 Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 75 "Атырау облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Атырау облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 75 "Атырау облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2894 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырдағы "Атырау" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
келесі мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.";
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
келесі мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.";
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 255 қаулысына 1-қосымша
"Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 3-қосымша
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қимылдары;
5 Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 255 қаулысына 2-қосымша
"Жергілікті маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштеріне
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге
келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 3-қосымша
"Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қимылдары;