Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Атырауской области от 20 марта 2014 года № 83 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельско хозяйственным товаропроизводителям"

Қаулы · № 259 · қабылданған 29.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2014-no-83/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Атырауской области от 20 марта 2014 года № 83 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельско хозяйственным товаропроизводителям" Күшін жойған Қаулы ·№ 259 ·29.08.2014
16.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Атырауской области от 20 марта 2014 года № 83 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельско хозяйственным товаропроизводителям"

Күшін жойған Қаулы ·№ 259 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Атырауской области от 20 марта 2014 года № 83 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельско хозяйственным товаропроизводителям"
Атауы (қаз.)
Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 83 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
259
Қабылданған күні
29.08.2014
Көрсетілген редакция
16.06.2016 83375_Some(98743).kaz
Соңғы өзгеріс
16.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14T0003004
ЭКБ идентификаторы
83375
Редакция идентификаторы
83375_Some(98743)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:42

0 Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 83 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 83 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2901 тіркелген, 2014 жылғы 7 маусымдағы "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:

1 1) 5 – тармақта:

9), 10), 11) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:
"9) басқарманың жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдайды, құжаттарды тексергеннен кейін су пайдаланушылар бойынша жиынтық тізілімді басқарма басшысына бекітуге береді – 2 (екі) күн ішінде;
10) басқарма басшысы жиынтық тізілімді бекітіп, басқарманың жауапты орындаушысына береді - 1 (бір) күн ішінде;
11) бөлімнің жауапты орындаушысы ағымдағы айдың 20 күніне дейінгі мерзімде жиынтық тізілімге енгізілген көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдері мен құжаттар топтамасын қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты көрсетілген талон береді.
Құжаттарды тексергеннен кейін су пайдаланушылардың жиынтық тізілімін қалыптастырады және бөлім басшысына қол қою үшін жолдайды – 2 (екі) күн ішінде";
келесі мазмұндағы 10-1), 11-1), 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-1) басқарманың жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде басқарма басшысы бекіткен су пайдаланушылардың тізілімін басшылыққа алады;
11-1) бөлім басшысы жиынтық тізілімге қол қойып, бөлімнің жауапты орындаушысына жолдайды – 1 (бір) күн ішінде;
11-2) бөлімнің жауапты орындаушысы су пайдаланушылар бойынша жиынтық тізілімді ағымдағы айдың 25 күніне дейін басқармаға жолдайды";

2 2) 7-тармақ келесі редакцияда жазылсын;

"7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген";

3 3) келесі мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

"8. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген";

4 4) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 1-қосымша жаңа редакцияда мазмұндалсын;

5 5) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Атырау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 29 тамыздағы № 259
қаулысына 1-қосымша
"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге
су беру қызметтерінің құнын субсидиялау"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

10 Атырау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 29 тамыздағы № 259
қаулысына 2-қосымша
"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге
су беру қызметтерінің құнын субсидиялау"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау"
*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қымылдары;

Қолданыстағы