Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 98 «Об утверждении Правил ведения реестра государственных услуг»

Бұйрық · № 244/НҚ · қабылданған 13.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2014-no-98-ekb-157153/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 98 «Об утверждении Правил ведения реестра государственных услуг» Қолданыста Бұйрық ·№ 244/НҚ ·13.07.2021
13.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 98 «Об утверждении Правил ведения реестра государственных услуг»

Қолданыста Бұйрық ·№ 244/НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 98 «Об утверждении Правил ведения реестра государственных услуг»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
244/НҚ
Қабылданған күні
13.07.2021
Көрсетілген редакция
13.07.2021 157153_531463.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023641
ЭКБ идентификаторы
157153
Редакция идентификаторы
157153_531463
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:36

0 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 10029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау, енгізу және есепке алу, көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберіндегі тиісті жағдайды нақтылау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері туралы негізгі мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Тізілім мыналарды көздейді:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы;
3) көрсетілетін қызметті алушы (жеке және (немесе) заңды тұлға) туралы мәліметтер; мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы; көрсетілетін қызметті берушінің атауы;
4) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілген жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталы мен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын, стационарлық абоненттік құрылғыны, ақпараттандыру объектілерін көрсету (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне);
5) «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық (толық немесе ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті/ ақпараттық) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне);
6) мемлекеттік қызметті көрсетудің ақылы немесе тегін болуы (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне);
7) мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы.»;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2021 жылғы 13 шілдедегі
№ 244/НҚ бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың са­на­ты
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ні әзір­лей­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ды бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар (мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне)
Ақы­лы бо­луы (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін­қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне)
1
2
3
4
5
6
7
8
Кестенің жалғасы
оның ішін­де:
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рі­нің ны­са­ны (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне)
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі (бо­лжа­на­тын мер­зім­дер, құ­жат­тар ті­зі­лі­мі және та­ғы­да бас­қа)
Ті­зі­лім­ге то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу негіз­де­ме­сі (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ге және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің тап­сыр­ма­сы­на сі­л­те­ме (болған жағ­дай­да)
Құқық­тық негіз­де­ме
тө­лем мөл­ше­рі
9
10
11
12
13

2 Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2021 жылғы 13 шілдедегі
№ 244/НҚ бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің құрылымы
Р/с №
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (же­ке және (неме­се) заң­ды тұл­ға) ту­ра­лы мә­лі­мет
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ні әзір­лей­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Өті­ніш­тер қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­дың ата­у­ла­ры және (неме­се) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы және ұя­лы бай­ла­ныс або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сын, ста­ци­о­нар­лық або­нент­тік құ­ры­л­ғы­ны, ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рін* көр­се­ту (мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне)
Ақы­лы не те­гін бо­луы(мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­нын (элек­трон­дық (то­лық неме­се іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де/ про­ак­тив­ті/ «бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін, ақ­па­рат­тық) (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
* ақпараттандыру объектілері – «электрондық үкіметтің» шлюзінде, «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистер-мен интеграцияланған ақпараттандыру объ-ектілер».

Қолданыстағы