О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 98 «Об утверждении Правил ведения реестра государственных услуг»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 98 «Об утверждении Правил ведения реестра государственных услуг»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 188/НҚ
- Қабылданған күні
- 01.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2024 195165_693098.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034215
- ЭКБ идентификаторы
- 195165
- Редакция идентификаторы
- 195165_693098
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:13
0 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
0 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 1 сәуірдегі
№ 188/НҚ Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 20 қарашадағы
№ 98 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленген және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін қосқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1 1) жасырын мемлкеттік қызмет – мемлекеттік қызмет өлшемшарттарына жауап беретін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;
2
2) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
3
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
4
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі;
5 5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
6 6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.
3
3. Уәкілетті органның тізілімді жүргізудің және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтаудың негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, жасырын мемлекеттік қызметтерді есепке алу және тізілімге енгізу, көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберінде тиісті жағдайды нақтылау үшін электрондық үкімет веб-порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, оның ішінде мемлекеттік қызметтің кіші түрлері туралы негізгі мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
4 4. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
5 5. Тізілімнің сыныпталуы мыналардан тұрады:
1 1) қоғамдық қатынастар салаларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді топтастыру болып табылатын бөлімдер;
2 2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді топтастыру болып табылатын кіші бөлімдер;
3 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлері арқылы жүзеге асырылады.
6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейлерінің кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгі түріндегі сегіз таңбалы жеке жіктелген код беріледі.
Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:
1 1) бірінші бөлім – 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласының бөлімін білдіреді;
2 2) екінші бөлім – 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;
3 3) үшінші бөлім – 3 цифрдан тұрады және кіші бөлім ішіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реттік нөмірін білдіреді.
7 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сыныпталған кодын уәкілетті орган береді.
8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
2 2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі
9 9. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1 1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;
2 2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге немесе тізілімнен шығаруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
3 3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді енгізу немесе тізілімінен алып тастау;
4 4) тізілімнің мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) мәніне мониторинг жүргізу;
5 5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» веб-порталында өзектендіру (жаңарту).
Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:
1 1) жыл сайын тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге түгендеу жүргізеді;
2
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде өзгерістерді және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға (бұдан әрі – 4-қосымша) сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға ұсынады.
10
10. Уәкілетті орган «электрондық үкімет» веб-порталында тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін орталық мемлекеттік органдардан және жергілікті атқарушы органдардан тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстардың түсуіне қарай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты және өзге де түйінді мәліметтерді (көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарының немесе ақпараттандыру объектілерінің атаулары, мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуы, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы) орналастыруды қамтамасыз етеді.
11 11. Тізілім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітіледі немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
3 3-тарау. Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау тәртібі және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу
12 12. Жасырын мемлекеттік қызметтің мемлекеттік функцияны іске асыру шеңберінде құжат түрінде және (немесе) іс-әрекет түрінде нақты, үлгілік нысаны болады.
13 13. Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау тәртібі:
1 1) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар әр жартыжылдық сайын жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау мәніне талдау жүргізеді;
Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыныстар қалыптастырады;
2
2) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды ұсынады, ол бойынша жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізіп, уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдармен одан әрі келісу үшін тізілім жобасын әзірлейді;
3
3) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті тізілімге енгізу бойынша келіспеушілектер болған жағдайда, жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізу мәселесі оны тізілімге енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы бойынша ұсыныстар шығару үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға шығарылады.
1 Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
нысан
Р/с №
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы
Мемлекеттік қызметті және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы
1
2
3
4
5
6
2 Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
Бөлім
Ішкі бөлім
Атауы
001
Құжаттау
00101
Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебені алу
00102
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес құқықтарды қамтамасыз ететін құжаттарды алу
002
Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу
00201
Жеке тұлғаларды тіркеу/ мәртебесін, тұрғылықты жерін, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және басқа деректерін ауыстыру
00202
Шетелде болу
00203
Қазақстан Республикасына келу
003
Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу
00301
Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
004
Отбасы және балалар
00401
Отбасын құру
00402
Туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу
00403
Балаға білім беру және бос уақыт
00404
Баланы бағу және қамтамасыз ету
005
Мүлік және зияткерлік меншік құқығы
00501
Жылжымалы мүлік
00502
Жылжымайтын мүлік
00503
Зияткерлік меншік
00504
Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
006
Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау
00601
Медициналық көмек
00602
Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
00603
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
00604
Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
007
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
00701
Халықты жұмыспен қамту
00702
Халықты жұмыспен қамту саласында рұқсат құжаттарын беру
00703
Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру
00704
Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау
00705
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер
00706
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
008
Білім және ғылым
00801
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
00802
Білім және ғылым саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
00803
Білім және ғылым саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
009
Бизнес және кәсіпкерлік
00901
Бизнестің немесе жеке кәсіпкерліктің басталуы
00902
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметінің тоқтауы
00903
Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
00904
Өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруге рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
00905
Өнімдердің жекелеген түрлерін сатып алуға, өткізуге және сақтауға (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) рұқсат ету құжаттарын беру
00906
Кәсіпкерлік қызметті қолдау
010
Туризм
01001
Туризм саласындағы өзгеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
011
Көлік және коммуникация
01101
Автомобиль көлігі
01102
Әуе көлігі
01103
Теміржол және су көлігі
01104
Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
012
Қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін, табиғи ресурстарды қорғау
01201
Қоршаған ортаны қорғау
01202
Су ресурстарын пайдалану
01203
Орман ресурстарын пайдалану
01204
Жануарлар дүниесін пайдалану
01205
Жер қойнауын пайдалану
013
Ауыл шаруашылығы
01301
Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
01302
Ауыл шаруашылығы саласында рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
014
Өнеркәсіп, индустрия және технология
01401
Отын және энергетика
01402
Технологиялар
01403
Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
01404
Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
015
Мұнай-газ саласы
01501
Мұнай-газ саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
01502
Мұнай-газ саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
016
Салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп, аудиторлық қызмет
01601
Салықтық әкімшілендіру
01602
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
01603
Аудиторлық қызмет
017
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау
01701
Банктер қызметі саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
01702
Зейнетақы қорларының қызметі саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
01703
Сақтандыру қызметтері нарығы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
01704
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
018
Кеден ісі
01801
Кеден ісі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
019
Қауіпсіздік, қорғаныс және сот әділдігі
01901
Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
01902
Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
020
Бәсекелестікті қорғау
02001
Бәсекелестікті қорғау саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
021
Дін
02101
Дін саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
022
Жер қатынастары, геодезия және картография
02201
Жер қатынастары
02202
Геодезия және картография
023
Мәдениет, ақпарат және байланыс
02301
Байланысты ұйымдастыру және ұсыну саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
02302
Ақпарат
02303
Мәдениет
024
Төтенше жағдайлар
02401
Төтенше жағдайлар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
025
Дене шынықтыру және спорт
02501
Дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
026
Сәулет-қала құрылысы қызметі
02601
Сәулет және қала құрылысы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
02602
Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
027
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
02701
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
028
Сыртқы саясат және шетел істері
02801
Сыртқы саясат және шетел істері саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
029
Табиғи монополияларды реттеу
02901
Табиғи монополияларды реттеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
030
Мемлекеттік қызмет
03001
Мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
031
Басқа
03101
Ғарыш кеңістігін пайдалану
03102
Апостиль қою
03103
Статистикалық ақпаратты ұсыну
03104
Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттік меншік
3 Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
Р/с №
Құрылымдық элемент
Қолданыстағы редакция
Ұсынылып отырған редакция
Негіздеме (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда)
1
2
3
4
5
4 Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына
4-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы
Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Өтініштерді қабылдауды және ресімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар (мемлекеттік қызметтің әрбір кіші түріне)
Ақылы болуы (мемлекеттік көрсетілетінқызметтің әрбір кіші түріне)
1
2
3
4
5
6
7
8
оның ішінде:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерінің нысаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі (болжанатын мерзімдер, құжаттар тізілімі және тағыда басқа)
Тізілімге толықтырулар енгізу негіздемесі (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда)
Құқықтық негіздеме
төлем мөлшері
9
10
11
12
13