О внесении изменений в решение Жанааркинского районного маслихата от 20 марта 2014 года №27/174 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жанааркинского районного маслихата от 20 марта 2014 года №27/174 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы №27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/43
- Қабылданған күні
- 09.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2021 106933_513064.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KL003973
- ЭКБ идентификаторы
- 106933
- Редакция идентификаторы
- 106933_513064
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:49
0 Жаңаарқа аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
20 наурыздағы №27/174 «Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы №27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2587 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі №17 (9611) «Жаңаарқа» газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 30 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының:
7 тармақтың 2 тармақшасы алынып тасталсын;
9 тармақтың 2 тармақшасы алынып тасталсын;
27-2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«27-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы №385 «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13773 болып тіркелген).».