Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в решение акима Павлодарской области от 20 февраля 2015 года № 1 «Об определении единого организатора государственных закупок для бюджетных организаций Павлодарской области и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором»

Өзге акт · № 5 · қабылданған 27.08.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-1-ekb-93164/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении дополнения в решение акима Павлодарской области от 20 февраля 2015 года № 1 «Об определении единого организатора государственных закупок для бюджетных организаций Павлодарской области и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором» Күшін жойған Өзге акт ·№ 5 ·27.08.2015
27.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в решение акима Павлодарской области от 20 февраля 2015 года № 1 «Об определении единого организатора государственных закупок для бюджетных организаций Павлодарской области и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в решение акима Павлодарской области от 20 февраля 2015 года № 1 «Об определении единого организатора государственных закупок для бюджетных организаций Павлодарской области и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкiмiнiң 2015 жылғы 20 ақпандағы «Павлодар облысының бюджеттік ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 1 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5
Қабылданған күні
27.08.2015
Көрсетілген редакция
27.01.2016 93164_74377.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15P0004677
ЭКБ идентификаторы
93164
Редакция идентификаторы
93164_74377
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:34

0 Павлодар облысы әкiмiнiң

2015 жылғы 20 ақпандағы
«Павлодар облысының бюджеттік
ұйымдары үшін мемлекеттік
сатып алуды бірыңғай
ұйымдастырушысын және
мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы
жүзеге асыратын тауарларды,
жұмыстарды, қызметтерді
анықтау туралы» № 1 шешіміне
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1

1. Павлодар облыс әкiмiнiң 2015 жылғы 20 ақпандағы «Павлодар облысының бюджеттік ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4334 болып тіркелді, 2015 жылғы 14 наурызда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесідей толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімінің қосымшасында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
3.
Сатып алуға бөлінген сома қосымша құн салығын ескере отырып, елу мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар үшін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды өткізу

2 2. «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы шешім аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы шешімді Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.

5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы