Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 106 «Об утверждении Правил организации и функционирования оптового рынка электрической энергии»

Бұйрық · № 160 · қабылданған 30.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-106-ekb-155785/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 106 «Об утверждении Правил организации и функционирования оптового рынка электрической энергии» Қолданыста Бұйрық ·№ 160 ·30.04.2021
30.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 106 «Об утверждении Правил организации и функционирования оптового рынка электрической энергии»

Қолданыста Бұйрық ·№ 160 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 106 «Об утверждении Правил организации и функционирования оптового рынка электрической энергии»
Атауы (қаз.)
«Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
160
Қабылданған күні
30.04.2021
Көрсетілген редакция
30.04.2021 155785_525447.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022732
ЭКБ идентификаторы
155785
Редакция идентификаторы
155785_525447
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:17

0 «Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) эскроу-шот – клиент айқындаған шарттардың басталуына немесе орындалуына дейін банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасауға үшінші тұлғаның құқығын шектей отырып, клиент осы тұлғаның атына ашатын ағымдағы немесе жинақ шоты.»;
мынадай мазмұндағы 6-3 және 6-4-тармақтармен толықтырылсын:
«6-3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша ол туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырған өзінің генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын желіге босату үшін бос электр қуаты болған кезде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарты бар көтерме сауда нарығында электр энергиясын жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан бас тартпайды немесе жалтармайды, сондай-ақ электр энергиясын өндіру көлемін, оның ішінде бір сағаттық көлемін негізсіз қысқартпайды, не тұтынушылардың сұранысы мен тапсырыстары бар электр энергиясын өндіруді тоқтатпайды.
Бұл ретте шарт жасасудан бас тарту немесе жалтару, сондай-ақ электр энергиясын өндіруді қысқарту не тоқтату мынадай жағдайлардың бірінде, егер:
энергия өндіруші ұйымда тұтынушы өтініш жасаған кезде электр энергиясын өндірудің, берудің жүйелік оператор растаған техникалық мүмкіндігі болмаса;
энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасында қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетсе;
энергия өндіруші ұйым Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолда бар қуаттың он пайызынан аспайтын мөлшерде электр қуаты резервінің қажетті шамасын ұстап тұрса;
көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы өтініш жасау кезінде төлем қабілеттілігін растамаса, негізді болып есептеледі.
Өзінің төлем қабілеттілігін растау үшін тұтынушы мынадай шарттардың бірін орындайды:
1) өтініш жасаудан 10 (он) жұмыс күні бұрын екінші деңгейдегі банкте арнайы шоты (эскроу-шоты) болады, онда берешек пайда болған жағдайда жасалған шарт шеңберінде тұтынушыға босатылған электр энергиясының нақты көлемі үшін энергия өндіруші ұйым ғана есептен шығаратын, өтініш жасалған кездегі тұтынудың мәлімделген көлемінің негізінде белгіленген электр энергиясын тұтынудың орташа айлық көлемін төлеу үшін жеткілікті ақша сомасы болады.
Бұл ретте тұтынушы қажет болған жағдайда эскроу-шоттың ақшалай қаражатынан электр энергиясы үшін соңғы төлемді өтейді;
2) өтініш жасаудан 10 (он) жұмыс күні бұрын тұтынушы электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуды жоспарлап отырған энергия өндіруші ұйымның есеп айырысу шотына өтініш жасалған кездегі тұтынудың мәлімделген көлемінің негізінде белгіленген электр энергиясын тұтынудың орташа айлық көлемін төлеу үшін жеткілікті кепілдік жарна түріндегі ақша сомасын енгізеді.
6-4. Энергия өндіруші ұйымдар меншікті генерациялайтын қондырғылардың келісімшарт жасалған, орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға жоспарланатын және желіге босату үшін бос электр қуаты туралы әрбір күнге арналған ақпаратты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.»;
мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
«7-2. Энергия беруші ұйымдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын өздерінің интернет-ресурстарында меншікті электр беру желілерінің өткізу қабілеті және кіші станциялардың электр қуатының бос көлемі туралы ақпаратты орналастырады.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Меншікті генерациялайтын қондырғылардың келісімшарт жасалған, орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға жоспарланатын және желіге босату үшін бос электр қуаты туралы әрбір күнге арналған ақпарат

Министрдің міндетін атқарушы
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 160 Бұйрыққа
1-қосымша
Электр энергиясының
көтерме нарығын ұйымдастыру
мен оның жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Меншікті генерациялайтын қондырғылардың келісімшарт жасалған, орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға жоспарланатын және желіге босату үшін бос электр қуаты туралы әрбір күнге арналған ақпарат
Кү­ні
Негіз­гі жаб­дық
Энер­гия өн­ді­ру­ші ұй­ым­дар­дың қу­а­ты ту­ра­лы ақ­па­рат, МВт:
Аг­ре­гат­тар са­ны
Қу­ат
Жағ­дайы
Ке­лі­сім­шарт жа­сал­ған қу­ат
Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған са­уда-сат­тық­та са­ту­ға жос­пар­ла­на­тын
Же­лі­ге боса­ту үшін бос электр қу­а­ты
қы­сқа мер­зім­ді жет­кі­зу
ұзақ мер­зім­ді жет­кі­зу

2 Меншікті электр беру желілерінің өткізу қабілеті және кіші станциялардың электр қуатының бос көлемі туралы ақпарат

Министрдің міндетін атқарушы
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 160 Бұйрыққа
2-қосымша
Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Меншікті электр беру желілерінің өткізу қабілеті және кіші станциялардың электр қуатының бос көлемі туралы ақпарат
1-кесте
№ р/с
Кі­ші стан­ция ата­уы
Ен­гі­зу №
Ор­на­лас­қан ме­кен­жайы
Кер­неу дең­гейі, кВ
Транс­фор­ма­тор­дың қу­а­ты, кВА
Жүк­теу, МВт
Бос қу­ат,МВт
2-кесте
№ р/с
Электр бе­ру же­лі­сі­нің ата­уы
Электр бе­ру же­лі­сі­нің ұзынды­ғы, км
Электр бе­ру же­лі­сі­нің қи­ма­сы, мм
Кер­неу дең­гейі, кВ
Но­ми­нал­ды өт­кі­зу қа­бі­ле­ті, МВт
Жүк­теу, МВт
Бос қу­ат,МВт

Қолданыстағы