О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 108 «Об утверждении Инструкции по составлению сведений о сети, штатах, контингентах»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 108 «Об утверждении Инструкции по составлению сведений о сети, штатах, контингентах»
- Атауы (қаз.)
- «Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 888
- Қабылданған күні
- 05.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 05.10.2018 125802_368956.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017685
- ЭКБ идентификаторы
- 125802
- Редакция идентификаторы
- 125802_368956
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:59
0 «Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10498 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы жоспарлы көрсеткіштерді алдын ала тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісе отырып, 2-нысан бойынша аудан (облыстық мәні бар қала) бюджеті бойынша мәлiметтердi жасайды және есептіден кейiнгi жылдың 15 наурызына дейiн оларды облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
19. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттен (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджетiнен) қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық мәліметтері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінiң мәлiметтерi негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) бюджетi бойынша 2-нысанды жасайды және есептiден кейiнгi жылдың 1 сәуiріне дейiн электронды түрде және қағаз тасығышта бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;
Нұсқаулықтың 2-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_______________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы «_____» _____________
1 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 5 қазандағы
№ 888 бұйрығына
қосымша
Желi, штаттар, контингенттер
туралы мәлiметтердi жасау
жөнiндегi нұсқаулыққа
2-қосымша
2-нысан
Индекс: 2-ЖЖШК нысаны
Мерзімділігі: жылсайын
Ұсынылу мерзімі: есептiден кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн
Білдіретін тұлғалар тобы: республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi
Қайда ұсынылады: бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға
Ұсынылу мерзімі: есептiден кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн
Білдіретін тұлғалар тобы: жергіліктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi________________
Қайда ұсынылады: тиiстi бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға
Ұсынылу мерзімі: есептіден кейiнгi жылдың 15 наурызына дейiн
Білдіретін тұлғалар тобы: ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы ________________
Қайда ұсынылады: облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергiлiктi уәкiлеттi органына
Ұсынылу мерзімі: есептiден кейiнгi жылдың 1 сәуiріне дейiн
Білдіретін тұлғалар тобы: бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ________________
Қайда ұсынылады: бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға
Функциональдық топ
әкiмшi
бағдарлама
кіші бағдарлама
Код
Сандық көрсеткiштердiң атауы
Өлшем бірлігі
20____
жылға жоспар
Іс жүзінде
түрі
тобы
көрсеткіші
жылдың басына
жылдың аяғына
жылдың басына
жылдың аяғына
орташа жылдық
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы _________________________________________
(тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты), лауазымы))
Қаржы қызметінің _______________________________________________
басшысы (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты), лауазымы))
Мөр орны