Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 111 «Об утверждении Правил организации и функционирования розничного рынка электрической энергии, а также предоставления услуг на данном рынке»

Бұйрық · № 54 · қабылданған 11.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-111/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 111 «Об утверждении Правил организации и функционирования розничного рынка электрической энергии, а также предоставления услуг на данном рынке» Қолданыста Бұйрық ·№ 54 ·11.02.2021
11.02.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 111 «Об утверждении Правил организации и функционирования розничного рынка электрической энергии, а также предоставления услуг на данном рынке»

Қолданыста Бұйрық ·№ 54 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 111 «Об утверждении Правил организации и функционирования розничного рынка электрической энергии, а также предоставления услуг на данном рынке»
Атауы (қаз.)
«Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
54
Қабылданған күні
11.02.2021
Көрсетілген редакция
11.02.2021 152871_510865.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022208
ЭКБ идентификаторы
152871
Редакция идентификаторы
152871_510865
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:34

0 «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және осы нарықта қызмет көрсету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығының жұмыс iстеу тәртібі»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Энергия берушi ұйымдардың электр желiлерiндегi электр энергиясының нормативтiк шығысының шамасын анықтау «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Табиғи монополиялар туралы заң) 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйымдардың өздерінің желiлерi мен басқа да энергия беруші ұйымдардың желiлерiндегi электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және тұтынушыларға беру үшiн пайдаланылатын электр энергиясының нормативтiк техникалық ысыраптарын өтеуге байланысты шығындары энергия беруші ұйымдардың тарифiнде есепке алынады және оны энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар Табиғи монополиялар туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен төлейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы