Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 112 «Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии»

Бұйрық · № 504 · қабылданған 13.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-112-ekb-127151/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 112 «Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии» Қолданыста Бұйрық ·№ 504 ·13.12.2018
13.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 112 «Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии»

Қолданыста Бұйрық ·№ 504 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 112 «Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии»
Атауы (қаз.)
«Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
504
Қабылданған күні
13.12.2018
Көрсетілген редакция
13.12.2018 127151_379619.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017964
ЭКБ идентификаторы
127151
Редакция идентификаторы
127151_379619
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:04

0 «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі жедел жиналысының 2018 жылғы 7 қарашадағы №18-21-02.3 хаттамасының 1-тармағын орындау үшін электр энергиясына тарифтерді төмендету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10532 болып тiркелген, 2015 жылғы

13 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрық Қағидалардың 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы