Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 115 «Об утверждении форм документов для выдачи разрешений на эмиссии в окружающую среду и правил их заполнения»

Бұйрық · № 394 · қабылданған 22.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2015-no-115/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 115 «Об утверждении форм документов для выдачи разрешений на эмиссии в окружающую среду и правил их заполнения» Күшін жойған Бұйрық ·№ 394 ·22.08.2016
11.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 115 «Об утверждении форм документов для выдачи разрешений на эмиссии в окружающую среду и правил их заполнения»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 394 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 115 «Об утверждении форм документов для выдачи разрешений на эмиссии в окружающую среду и правил их заполнения»
Атауы (қаз.)
«Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
394
Қабылданған күні
22.08.2016
Көрсетілген редакция
11.10.2021 107518_540423.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014391
ЭКБ идентификаторы
107518
Редакция идентификаторы
107518_540423
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:00

0 «Қоршағанортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10903 болып тіркелген, 2015 жылы4маусымда«Егемен Қазақстан»газетінде №103(25581)жарияланған) мынадайөзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, I, II және III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бланкісінің нысанында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. I, II және III санаттағы объектілерге арналған осы Рұқсаттың қолданылу кезеңіне Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының және осы жоспардың орындалуы туралы есеп нысандарын бекіту туралы» №252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13984 болып тіркелген) сәйкес бекітілген нысан бойынша келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақмемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен қарастырылған жобалау құжаттамасымен белгіленген қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету іс-шараларын орындау.
I, II және III санаттағы объектілерге арналғанРұқсаттың қолданылу мерзімі ____ жылдан____ жылға дейін.»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«*I, II және III санаттағы объектілерге арналған осыРұқсатта белгіленген жалпы эмиссиялар көлемі және ингредиенттер (заттар) бойынша эмиссиялар лимиттері осы I, II және III санаттағы объектілергеарналған Рұқсаттың кезеңіне қолданыладыжәне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын толтыру қағидаларының19-тармағында көрсетілген формула бойынша есептеледі.
I, II және III санаттағы объектілергеарналған Рұқсат қолданыстағы технологиялардың және осы Рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттары өзгергенге дейін қолданыста болады.
осы I, II және III санаттағы объектілерге арналған Рұқсаттың 1, 2 қосымшалары және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларжоспары осы I, II және III санаттағы объектілергеарналған Рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттар нысандарын толтыру қағидаларында:
11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-тармақтар алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынаҚазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілеріңіңэталондық бақылау банкіне енгізуүшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж.Қасымбек____________________
2016 жылғы 7 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев ___________________
2016 жылғы 28 қыркүйек

Қолданыстағы